Сәрсенбі, 26 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Астанада «Әділет» партиясының II Съезі өз жұмысын бастады

14 Маусым, 2026
0
БӨЛІСУ
2
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Астанада «Әділет» партиясының II Съезі өз жұмысын бастады. Съезд жұмысына партия делегаттары, қоғамдық және кәсіби бірлестіктердің өкілдері қатысуда.

Іс-шараға құрылыс, денсаулық сақтау, білім беру, көлік, телекоммуникация, туризм, кәсіпкерлік, энергетика, цифрлық технологиялар және мұнай-сервис саласын ұсынатын ірі салалық бірлестіктердің, кәсіби қауымдастықтардың және сарапшылық ұйымдардың жетекшілері қатысуда. Олар партия қатарына өтіп, бүгінде оның ұйымдық әлеуетін нығайтуға және бағдарламалық мақсаттарын жүзеге асыруға атсалысуда. Соның ішінде «PARYZ» жұмыс берушілердің ұлттық конфедерациясы, Қазақстанның Азаматтық альянсы, Қазақстанның мұнай сервистік компаниялар одағы, Қазақстан инвесторлары қауымдастығы, Қазақстан байланыс операторлары қауымдастығы, Қазақстан автомобиль одағы және басқа да ұйымдар бар.. Съезд жұмысына «AMANAT» партиясының өкілдері де қатысуда. Аталған партияның «Әділет» партиясына қосылуы мәселесі съезд делегаттарының қарауына шығарылды. Сонымен қатар II Съездің күн тәртібіне партияның одан әрі дамуы, өңірлік филиалдарды құру және ұйымдық құрылымды нығайту мәселелері енгізілді. Съезд қарсаңында стратегиялық сессия ұйымдастырылып, делегаттар партияның алдағы кезеңдегі басым бағыттарын талқылады. «Әділет» партиясы түрлі кәсіби қауымдастықтар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің бастамасымен құрылды. Партияның қалыптасуы 2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясынан кейін басталған саяси жаңғыру кезеңімен тұспа-тұс келді. 2026 жылғы 7 мамырда Астанада «Әділет» саяси партиясының құрылтай съезі өтіп, партияның ресми қызметі басталды. Ал 2026 жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Әділет» саяси партиясын мемлекеттік тіркеуден өткізді. Партия еңбек адамдарының, мұнай-сервис және тау-кен металлургиясы саласы қызметкерлерінің, шахтерлердің, спорт, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, кәсіпкерлік, IT-сектор, құқық саласы және креативті индустрия өкілдерінің басын біріктіреді. Партия платформасының негізін әділеттілік, жауапкершілік, теңдік, отансүйгіштік және прогресс қағидаттары құрайды. Партия заң үстемдігін нығайтуды, тиімді мемлекеттік және қоғамдық институттарды дамытуды, өңірлерді қолдауды, адами капиталды жетілдіруді, цифрландыруды ілгерілетуді және бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыруды қолдайды. «Әділет» партиясының II Съезі өз жұмысын жалғастыруда.

Әділет

  • Партия туралы
  • Саяси кеңес бюросы
  • Бағдарлама
Алдыңғы мақала

10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Донорлар – басқаларға өмір сыйлайтын адамдар.

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
824
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.