Жұма, 5 Маусым, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

«Қастерлі рәміздеріміз – ұлт құндылықтарының жарқын символы»

4 Маусым, 2026
«Қастерлі рәміздеріміз – ұлт құндылықтарының жарқын символы»
2
БӨЛІСУ
28
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Атамекен» этномемориалды кешенінде өткен Мемлекеттік Ту көтеру рәсіміне қатысты. Салтанатты шара барысында Құрмет қарауылының бастығы Президентке дайындық туралы рапорт берді. Одан кейін еліміздің Әнұраны орындалып, көк байрағымыз көкке көтерілді.

Мемлекет басшысы Мемлекеттік Ту көтеру рәсімінде сөз сөйлеп, жиналған қауымды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.

«Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – қасиетті Отанымыз – Қазақ елінің әрбір азаматы үшін маңызы ерекше мереке. Біз осы күні байрағымызды биікке көтеріп, еңселі, егемен ел екенімізді күллі әлемге паш етеміз.

Қастерлі рәміздеріміз – ұлт құндылықтарының жарқын символы. Мемлекетіміздің әр нышаны халқымыздың болмыс-бітімінің көрінісі саналады. Елтаңба – елдігіміздің айшықты белгісі, Әнұран – азаттығымыздың айбынды үні, ал Көк Ту – Тәуелсіздік тұмары. Осы үш рәмізді мемлекетіміздің мызғымас үштағаны десек, артық болмайды.

Тарихқа үңілсек, халқымыз әрқашан бір тудың астына жиналып, ынтымақ-бірлігін сақтай білген. Бүгінде де еліміз ауызбіршілігін нығайтып, алға қарай нық қадам басып келеді», – деді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы ұлттық нышандарды қадірлеу – отаншылдық рухының ең биік өлшемі екенін атап өтті.

«Бәріңізге белгілі, наурыз айында біз біртұтас қоғам болып жалпыұлттық референдумға қатыстық. Азаматтарымыз конституциялық реформаны қолдап, дауыс берді. Осылайша, жаңа Конституциямыз қабылданып, төл тарихымыздың жаңа парағы ашылды.

Ата заңда халқымыздың сан ғасырлық арман-тілегі, мақсат-мұраты көрініс тапты. Кең байтақ жеріміздің тұтастығы, еліміздің егемендігі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары басты құндылықтар ретінде айқындалды. Сонымен қатар заң мен тәртіпті сақтау, білім мен ғылымды дамыту, жаңа технологияларды енгізу, тазалықты дәріптеу, табиғатты қорғау және волонтерлік қызметті қолдау конституциялық міндеттер ретінде белгіленді. Түбегейлі жаңарған Ата заңымыз Әділетті Қазақстанның мызғымас жарғысына айналды.

Конституцияда әр азаматтың мемлекеттік рәміздерді құрметтеуі тиіс екені де нақты көрсетілді. Өйткені ұлттық нышандарды қадірлеу – отаншылдық рухының ең биік өлшемі», – деді Президент.

Президент сондай-ақ алдағы уақытта Үкімет мемлекеттік рәміздерді орынды пайдалану мәселесі бойынша тиісті қаулыға қажетті түзетулер енгізетінін атап өтті.

«Нағыз патриоттар ғана елдің көшін алға бастайды, жердің шетін жаудан қорғайды. Басқаша айтқанда, отаншылдық – ел қауіпсіздігі мен тұтастығының кепілі.

Ұлттық нышандардың мәртебесін арттыру – аса маңызды мемлекеттік міндет. Таяу арада Үкімет мемлекеттік рәміздерді орынды пайдалану мәселесі бойынша қаулыға қажетті түзетулер енгізеді. Ұлттық нышандарды ұлықтау – ортақ парыз, әр азаматтың қасиетті міндеті. Түптеп келгенде, рәміздерді қастерлеу – мемлекетімізді құрметтеу», – деді Мемлекет басшысы.

Тегтер: Jaraina
Алдыңғы мақала

Прокуратура Жетісу защитила права ветеринарных специалистов

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

В Жетісу одновременно подняли Флаги на 35 новых флагштоках в 35 населенных пунктах

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.9k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
949
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
806
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
803
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
785
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
662
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
640
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
552

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.