Жұма, 24 Наурыз, 2023
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Асық ойнаған азбайды

22 Қазан, 2022
Асық ойнаған азбайды
1
БӨЛІСУ
17
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Тәуелсіз еліміздің өсіп келе жатқан ұландарын тәрбиелеу жолында халқымыздың ғасырлық тәжірбиесінен қорланып, қордаланып жинақталған ұлттық ойындарының алар орны ерекше. Баланы шапшаңдық пен төзімділікке баулитын ұлттық ойындарымыздың кез-келгенінің өзіндік ерекшелігі мен терең мәні бар. Солардың бірегейі асық ойындары.

Кежегесі кері кеткен кеңестік кезеңнен қалған «асық ойнаған азар», деген жұғымсыздау сөз – біздің ұлттық ойынымыздың тамырына шабылған балта тәріздес. Соның кесірінен шығар асық ойындарының спорт түріне жатпайтындығы. Бірақ асық ойындары біздің бабаларымыздан қалған ұлттық құндылық.

Ертеде Атырау мен Алтайдың арасын алып жатқан даланы басқыншы жаудан сақтаған бабаларымыз кезекті жорыққа аттанар алдында соғыс тактикасын, стратегиясын  тақта тастың үстіне асықтарды шашып жіберіп түсіндіретін болған екен. Баршамыздың балалық шағымыз асықсыз өтпеді. Естеріңізде болар, сонда кейбір балалар жерде тізіліп тұрған асықты көздемей-ақ атып түсіріп алатын еді. Міне, ертедегі қазақ халқы балаларын асық ойынына осы бойындағы «қол мергендігі» қалыптассын деп ойнатқан. Себебі, дала заңы бойынша атқа отырған қазақ аламаны шауып келе жатып жауына оғын дәл тигізе білуі тиіс болған. Ал мұндай машығы жоқ жауынгер ат үстінде қозғалып отырып көздеу мүмкін емес. Мүлт кетеді. Халық аузында айтылатын «құралайды көзге атқан» мергендер де осы асық ойыны арқылы өзінің бойындағы қасиетін бала кезінен шыңдағандар.

Соңғы кездері «ауыл ойыны» аталып кеткен асық ату ауылды жерлердің өзінде ойналмайтын болып жүр. Себебін әркім өзінше түсіндіреді. Мүмкін сананы тұрмыс билеген нарықтық заманда баланы ойыннан ажыратып алған болармыз. Түске дейін сабақта болған баланы түстен кейін үй шаруасына жегіп, өмірге ерте араластырып алдық-ау деген де ой келеді. Өйткені ойын жасындағы бала ойнауға тиісті. Өйткені ойын – бала психологиясына тікелей әсер етуші фактор. Баланың көпшіл, кез-келген нәрсеге икемді, қабілетті болып өсуі – осы мағынасы мол ұлттық ойындардың өзегінде жатыр. Асық ойыны да баланың бойына тек жақсы қасиеттер сіңіріп, оны қарсыласынан үнемі басым тұруға икемдейді. Бәсекелестікке қабілеттілігін арттырады.

Асық – ұлттық өнеріміз. Ұлттық өнеріміздің өрісінің тарылып бара жатқан себептерінің бірден бір салдары – асық ойындары балалар арасында кеңінен насихатталмайды, оларға асық ойнаудың әдіс-тәсілдері, амалдары үйретілмейді. Бізге де ешкім үйретпеген. Өзіміздің қарабайыр ережелерімізбен ойнағанбыз. Және де екі-үш түрін ғана. Мысалы, асық ату, ханталапай және біріге ойнау. Ал қалған он, он бес түрі ұмыт қалған.

Қолда бар құндылығымызды сақтап қалу үшін бала тәрбиесіндегі маңызы зор асық ойындарын мектептердегі сабақ кестесіне кіргізуіміз керек. Дене шынықтыру сабақтарында мұғалім оқушыларға (әрине төменгі сыныптың) асық ойынының мәні мен мағынасын ашып түсіндіріп, олардың бойындағы осы ойынға деген қызығушылығын оята білуі тиіс. Осы саланың басы-қасында жүрген ғалымдарымыз мектептегі ұстаздарға арнап ғылыми-әдістемелік кітаптар жазып, жұмылған жұдырықтай ұрпақ танымы жолында еңбек етуге мүдделіміз. Себебі, қазақ асықтан айырылса – қасиетінен айырылады. Тіпті ауданымызда «асық чемпионатын» ұйымдастырып, жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттасақ бұл ойынға деген көзқарас түбегейлі өзгерер еді.

Біраз жылдар бұрын «Қазақстан» ұлттық телеарнасында жарнама көрсетілімі кезінде асықтарды байқап қалушы едік. Қатарынан тұрған қызылды-жасылды асықтарды, түйіліп келіп тізілген асықтарды жан-жаққа ұшырып жіберетін құлжаның сақасын көргенде бойымыздағы бұйығы жатқан қазақы қан бүлкілдеп кететін. Бұдан байқайтынымыз БАҚ-та, әсіресе телеарналарда асық ойындарын жарнамалау – бұл осы ойындарымыздың ауылды жерлердегі «дамытушы» күшіне жаңаша серпін береді. Құмарлығын арттырады. Сөйтіп кеуіп бара жатқан тамырымызға қайта қан жүргітуге болады.

Расыменен-ақ осы ойынның көз алдымызда құрбандыққа айналуына көнбесек, онда асық иісін сезбейтін қала баласына арнап компьютерлік ойындар ойлап табуымыз шарт. Балаларды атуға, өлтіруге бағыттайтын батыстық үлгіге қарсы антибатыстық келбеттегі адамды ізгілікті іс істеуге ұмтылдыратын ұлттық ойын ретінде.

Тамшы қаны тамырында тулаған көкбөрінің ұрпақтары атадан қалған мирастарын ұлықтамайынша өзге істерінің асықтары алшысынан түспесі және анық.

Құттыбай НАЗАР

Алдыңғы мақала

«Жалындап өткен жыр ғұмыр»

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жастар неге жұмыссыз?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
688
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
677
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
483
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
464
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
365
Қорғас қырғыны

Қорғас қырғыны

19 Сәуір, 2022
364
Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

26 Қараша, 2022
276
Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

22 Қазан, 2022
267
Суан Назар батыр қайда жерленген?

Суан Назар батыр қайда жерленген?

21 Наурыз, 2023
229

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.