Сәрсенбі, 4 Қараша, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

«Ауыл аманаты»: Жетісуда жыл басынан бері бизнесті қолдауға 165 несие беріліп, 39 кооператив құрылды

30 Қазан, 2026
«Ауыл аманаты»: Жетісуда жыл басынан бері бизнесті қолдауға 165 несие беріліп, 39 кооператив құрылды
1
БӨЛІСУ
17
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері өңірде 165 несие беріліп, 39 кооператив құрылды. Бұл бағыттағы жұмыстар Алакөл ауданында да жалғасып жатыр. Ауданда 4 кооператив құрылып, 17 несие берілген. Оның ішінде 15 жоба мал шаруашылығы саласына, ал 2 жоба ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге бағытталған. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың аудан тұрғындарымен кездесуінде мәлім болды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

– Жетісу облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 9 айда 2,3 млрд теңге игеріліп, 165 несие берілді. Соның нәтижесінде 39 кооператив құрылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Алакөл ауданында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту аясында тәулігіне 8 тонна ет өнімін өндіретін ет өңдеу цехын кеңейту және 5 мың басқа арналған қой фермасын салу жобаларын іске асыру жоспарланған. Оған қажетті төмен пайызды несиелер берілді. Ендігі міндет – нысандарды жоспарға сәйкес пайдалануға беру, – деген Б. Исабаев аудан әкіміне тиісті тапсырмалар берді.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған табысты жобалардың бірі – Үшарал қаласындағы ет өңдеу цехы.

«Дикош» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Динара Әділбаеваның айтуынша, «Ауыл аманаты» бағдарламасының қолдауы оның арманын жүзеге асыруға мүмкіндік берген.

– Мамандығым – педагог-психолог, солай болғанмен тамақ әзірлеуге үнемі қызығатынмын. Сондықтан өз кәсібімді бастауды ұйғардым. Алдымен грант алып, үйде тапсырыспен тағам дайындауды қолға алдым. Кейін шұжық өнімдерін өндіре бастадым. «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясындағы көрмеге қатысып, 5 млн теңге көлемінде грант иелендім. Ғимаратты жалға алып, өзімнің өндірістік цехымды аштым. Екі жылдан кейін шағын фирмалық дүкенімді де аштым. Жартылай фабрикаттар мен дайын өнімдердің бірнеше түрін әзірлейміз. Осылайша, жергілікті үй шаруасындағы әйелдердің жұмысын жеңілдетуге тырысамыз. Өнімдерімізді Алматы қаласына да жөнелтеміз. Өз басым мемлекеттік қолдауға өте ризамын, соның арқасында кәсібімді аяққа тұрғыздым. Бұрын пәтер жалдап тұратынмын, қазір өз кәсібім бар. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында берілген жеңілдетілген несиеге жылқы сатып алдық, сол сияқты заманауи жабдықтар алдық. Қазіргі таңда 10 адамды жұмыспен қамтып отырмын, – деді ол.

Жалпы, ауданда жыл басынан бері 5,5 мың тонна ет және 24,5 мың тонна сүт өндірілген. Ветеринариялық қызметтің сапасын арттыру мақсатында қараша айында Көктұма, Жыланды, Ынталы ауылдарында 3 модульдік ветеринариялық пункт пайдалануға беріледі. Сонымен қатар соңғы 3 жылда ауданның 15 ауылдық округінде ветеринариялық пункттер салынды.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фотограф: Жұмабай Мұсабеков

Алдыңғы мақала

ТМҰ-ға мүше елдер басшылары түркі әлемі өнер шеберлерінің концертін тамашалады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Айтылды — орындалды: Алакөл ауданында тұрғындардың өтініші бойынша «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.7k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
970
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
836
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
819
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
808
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
671
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
654
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
579

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.