Жексенбі, 2 Сәуір, 2023
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Өңір айнасы

«Ауылым бар Айдарлы аталатын»

12 Сәуір, 2022
«Ауылым бар Айдарлы аталатын»
1
БӨЛІСУ
8
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Ауылдың «Айдарлы» аталуының себебі, көнекөз қариялардың айтуы бойынша осы ауыл тұрған жер айдар — айдар құм болған деседі. Сол жер жағдайының ерекшелігіне, құмға байланысты «Айдарлы» деп аталған болуы керек. Айдарлы ауылы — аудан орталығы Жаркент қаласымен аралығы 56 км және өңірдегі ең ірі Іле өзенінің оң жағалауынан 8 км қашықтықта орналасқан. Округ қарамағына — Дарбазақұм, Сарпылдақ елді мекендері де кіреді. Ауыл аумағы  Іле өзені арқылы көршілес Ұйғыр ауданымен шектесіп жатыр. Аймақтың өсімдіктері әлеміне: бетеге, жусан, ермен, шай шөп, адыраспан, қылша көптеп кездеседі. Шөл дала өсімдіктерінен: сексеуіл, жыңғыл, жантақ, тораңғы, сонымен қатар, Іле өзенінің жағалауында үйеңкі, көктерек, жыңғылдан тұратын шағын тоғайлар таралған, шалғынды сортаң топырақта қамыс-құрақ және ши өседі. Өзен торларына тоқталар болсақ, Жетісу Алатауынаң оңтүстігіндегі тау мұздықтарынан бастау алып Іле өзеніне келіп құяды.

Айдарлы ауылы кеңестік коллективтендіру кезінде, яғни, 1932 жылдары бұл жерде санаулы ғана отбасы қоныс тепкен, Октябрь совхозының (қазіргі Қоңырөлең) бір бөлімшесі еді. Ұлы Отан соғысы кезінде ауылға соғыс жүріп жатқан аудандардан ата-анасы жоқ балалар, эвакуацияланған аудандардан орыстар, шешендер, түріктер, немістер, украиндар, татарлар, ұйғырлар көшіп келді. Айдарлы ауылы көп ұлттар мекендеген ауылға айналып, тұрғындарының саны артты.

1944 жылы өз алдына «Октябрь» совхозынан бөлініп шығып «Гвардия» совхозы болып ашылды. Жер жағдайының қолайсыздығына қарамай мал шаруашылығымен және егін шаруашылығымен айналысты. 1955-1958 жылдары жер үйлер орнына, алғашқы болып шифермен қапталған шатырлы 10 үй салынды, 1 асхана, 10 адамдық аурухана, 25 адамдық балабақша ашылды. Жеке жұмысшылар кооперативі құрылып, азық-түлік және тұрмыстық тауарлар дүкені де орталықтан бой көтерді.

Саралап айтар болсақ, шаруашылықтың әлеуметтік – экономикалық жағдайы Байғұттиев Әзімбай басқарған 1978-86 жылдардан бастап оңшала бастады. Бас экономист Ж.Бижановтың ұсынысымен республикалық «Казгипровод» институты мақұлдаған ең үздік және қуаттылығы 1м3/сек су соратын ірі жоба «Сигманы» (ұзындығы 13 км болатын Іле өзенінен тартылған су құбыры) іске қосу қолға алынды. Нәтижесінде, көп жылдық шөп қоры  молайып, мал өнімінің көлемінің артуына ықпал етті.

Айдарлы мектебі 1944 жылы алғаш бастауыш мектеп болып ашылды, 1950 жылы бастауыш мектептен 7 жылдық орыс-қазақ мектебіне айналдырылды. 1952 жылы аталмыш 7 жылдық мектеп, 10 жылдық болып қайта ұйымдастырылды. Оқу ордасының директоры болып Ұлы Отан соғының ардагері Бижанов Сұлтан тағайындалды.

Тәуелсіздіктен кейінгі жылдары жеке шаруа қожалықтары құрыла басталған жылдары олардың алғашқылары қатарында Ә.Оспанов, Ж.Бижанов, Т.Ашубасаров, Т.Үмбеталиев тағы басқалары болып, олардың арасында өз жұмыстарын дөңгелетіп алып кеткендері де баршылық. Оспанов Әбілхан Балабекұлы асыл тұқымды мал шаруашылығын жетілдіру мақсатында іс-тәжірибе алмасу үшін Америка құрама штаттарына барып қайтты.

2012 жылдан «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша ауылда әр үйге су жүйесі тартылып, ауыз су еркін пайдаланылуда. Ауыл маңында 2015 жылдан бері ЖШС «Жаркент фрукт» алма бақ өсіруді қолға алды. Оған 12,7 млрд. теңге қаржы салынып,  көлемі 998 га жерді  қамтып жатыр. Бақта 1910 мың түп алма көшеттері, 318 мың түп алша, 83 мың түп шабдалы, 29 мың түп қара өрік көшеттері күтіліп бапталуда. Ал енді жылыжай шаруашылығын дамыту — бұл дегеніңіз көкөніс молшылығының бірден-бір кепілі. Оның айғағы осы округке қарасты Дарбазақұм ауылының маңындағы «Агро» жылыжай құрылысының іске қосылуын атап айтуға болады. Онда қияр, қызанақ көшеттері отырғызылып, мол өнім жиналуда. Жылыжайдың ұзындығы 205 метр, ені 192 метр. Және де соның арқасында біршама ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылып, жанұясын асыраумен қатар, әлеуметтік жағдайларын да көтеруге септігін тигізуде.

  Қ. ИБРАЙЫМЖАНОВ

Алдыңғы мақала

Әбен ДӘУРЕНБЕКОВ: Селдіреп қапты қайыңдар.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Премьер-Министр бірқатар өңірдің әкіміне жұмысты жандандыру қажеттігін ескертті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
694
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
683
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
487
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
471
Қорғас қырғыны

Қорғас қырғыны

19 Сәуір, 2022
375
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
373
Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

26 Қараша, 2022
279
Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

22 Қазан, 2022
268
«Біз әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс-берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз»

«Біз әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс-берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз»

26 Наурыз, 2023
249

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.