Жұма, 24 Наурыз, 2023
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Саясат айнасы

Қазақстан министрлері сайлауда өз таңдауын жасап жатыр

20 Қараша, 2022
Қазақстан министрлері сайлауда өз таңдауын жасап жатыр
1
БӨЛІСУ
10
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Кезектен тыс президент сайлауында өз учаскесіндегі алғашқылардың бірі болып Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өз таңдауын жасағаннан кейін министр ел бойынша Қарулы күштерге қатысы бар 130 мыңға жуық адам дауыс беріп жатқанын атап өтті.

«Қазіргі таңда әскери бөлімдер мен мекемелер аумағындағы 20 сайлау учаскесінде мерзімді қызметтегі сарбаздар мен курсанттар дауыс беріп жатыр. Қарулы күштерден барлығы 130 мыңға жуық әскери қызметші, азаматтық персонал және олардың отбасы мүшелері дауыс беруге қатысуда», – деді Руслан Жақсылықов.

Фото: gov.kz

Ал ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Әділет министрі Қанат Мусин №66 мектеп-лицейде орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берді.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі өзі тіркелген сайлау учаскесіне дауыс берушілер көп келіп жатқанын жазды.

«Азаматтық парымызды өтеп, таңдауымызды жасадық. Біз тіркелген сайлау учаскесіне дауыс беру үшін келіп жатқандар көп. Елімізге қайырлы болсын», — деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек дауыс беруге жұбайымен бірге барғанын жазды.

«Бүгін ел қатарлы сайлау учаскесіне барып, жұбайым екеуміз дауыс бердік. Ел ертеңі үшін өз таңдауымызды жасадық. Себебі сайлауда әркімнің дауысы маңызды деп есептеймін. Туған еліміз — Қазақстанымыздың ішкі мәселелерін сырттан ешкім шешпейтінін, мемлекетімізді бізден басқа ешкім дамыта алмайтынын мойындайық. Барлығы өз қолымызда. Өз елінің саналы, кемел, белсенді азаматы болу – нағыз патриотизмнің көрсеткіші. Бұл үлкен жауапкершілік», — дейді Саясат Нұрбек.

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов де отбасымен барып дауыс берді.

Министр елдегі бүкіл педагогтер мен білім саласының қызметкерлерін, студенттерді, барша қазақстандықтарды сайлауда өз таңдауын жасауға шақырды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин дауыс беруге баласын көтеріп барды.

«Бүгінгі таңымыз азаматтық борышымызды өтеуден басталды. Кішкентайымызбен бірге сайлау учаскесіне барып, еліміздің болашағы үшін өз дауысымызды бердік», — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ал Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өзі тіркелген сайлау учаскесіне көтеріңкі көңіл күймен келгенін жазды. Оның пайымынша, президент сайлауында әркімнің дауысы маңызды.

«Бүгін біз бүкіл ұлтымыз бен мемлекетіміз үшін еліміздің азаматтарының өркендеуі мен әл-ауқатының іргетасына айналатын реформалар мен өзгерістерді қолдап, шешуші таңдау жасаймыз», — деп жазды министр.

Айта кетейік, Орталық сайлау комиссиясының берген мәліметіне сүйенсек, елімізде дауыс беру құқығы бар 11 827 277 азамат тіркелген. Олар республика аумағында орналасқан 10 101 сайлау учаскесінде дауыс береді. Ал 53 шет мемлекеттегі 68 учаскеде 12 527 Қазақстан азаматына дауыс беру мүмкіндігі жасалған.

Еліміздегі 86 учаскеде дауыс беру өзге учаскелерден 1 сағат бұрын басталды.

Бұған дейін ОСК кезектен тыс президент сайлауының барысын 641 халықаралық байқаушы қадағалайтынын мәлім еткен еді.

Орталық сайлау комиссиясы сағат 10.05-ке дейін қанша қазақстандық дауыс бергенін мәлім етті.

Алдыңғы мақала

Дауыс беру – өз отбасының болашағы үшін, өз елінің болашағы үшін маңызды – Ерлан Қошанов

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Композитор, әнші Мақсат Жәутіков дауыс берді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
688
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
677
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
483
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
464
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
365
Қорғас қырғыны

Қорғас қырғыны

19 Сәуір, 2022
364
Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

26 Қараша, 2022
276
Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

22 Қазан, 2022
267
Суан Назар батыр қайда жерленген?

Суан Назар батыр қайда жерленген?

21 Наурыз, 2023
229

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.