Сенбі, 14 Қараша, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам айнасы

Қазақстандықтар 59 күнде 1 102 560 кітап оқыған: «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны тарихи белесті бағындырды

13 Қараша, 2026
Қазақстандықтар 59 күнде 1 102 560 кітап оқыған: «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны тарихи белесті бағындырды
3
БӨЛІСУ
40
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560  кітап оқып, 1 102 560 пікір жазды. Бұл — күн сайын орта есеппен 18 мыңнан астам кітап, ал әрқайсысының артында оқырманның өз пікірі тұр.

Қатысушылар кітап оқып қана қоймай, әсерімен де бөліседі. Олар әлеуметтік желілерде 64 177 бейнепікір жариялады, ал кітап туралы әңгімелер олардың достарына, әріптестеріне және жазылушыларына жетіп жатыр. Қатысушылар жалпы 260 млн ұпай жинады.

Марафон әртүрлі жастағы, саналуан мамандық иелерін біріктірді. Олар: оқушылар мен студенттер, педагогтер мен мемлекеттік қызметшілер, интеллектуалдар мен тұтас отбасылар. Бұрын кітап оқу әркімнің жеке ісі саналса, қазір бүкіл елдің ортақ ісіне айналып отыр.

Марафон аясында 15 кітап оқу кезеңі 2027 жылғы 9 наурызға дейін жалғасады, алда әлі 117 күн бар. Оқу кезеңінен кейін қатысушыларды тестілер мен зияткерлік квиздер күтіп тұр. Сынақтардың қорытындысы бойынша республикалық деңгейде  Жылдың 10 оқырманы анықталады.

Марафонның кітапқа деген көзқарасты қалай өзгертіп жатқанын Абай облысының мысалынан анық көруге болады. Мұнда қатысушылар 37 504 кітап оқып, 9,46 млн ұпай жинады. Ең белсенділер — оқушылар, педагогтар және мемлекеттік қызметшілер. Семей қаласы, Үржар және Аягөз аудандары көш бастап тұр.

«Абай атамыз білім мен кітапты адамды тәрбиелейтін ең үлкен күш деп білді. Бүгін ұлы ақынның сөзі жаңғырып тұрғанын көріп отырмыз: кітапты оқушы да, ұстаз да, мемлекеттік қызметші де қолға алды. Кітапханаларға келушілердің артуы — марафонның жай ғана көрсеткіші емес, адамдар санасындағы өзгерістің белгісі. Кітап оқитын ұлт — болашағын өзі жазатын ұлт», — деді марафонның Абай облысы бойынша жобалық офисінің жетекшісі, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Мерей Қарт.

Алдыңғы мақала

Гражданско-правовая ответственность: необходимость современных законодательных подходов

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Энергетикалық тәуелсіздік – ел дамуының берік негізі

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.7k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
972
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
839
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
823
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
809
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
671
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
660
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
585

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.