Сейсенбі, 25 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Қазақстанның су шаруашылығы саласында 29 мыңнан астам адам еңбек етеді

9 Шілде, 2026
Қазақстанның су шаруашылығы саласында 29 мыңнан астам адам еңбек етеді
2
БӨЛІСУ
22
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

9 шілдеде Қазақстанда Су шаруашылығы қызметкерлері күні атап өтіледі. Бүгінде еліміздің су шаруашылығы саласында 29 мыңнан астам адам еңбек етеді. Оның ішінде 10,9 мыңнан астамы Су ресурстары және ирригация министрлігі жүйесінде жұмыс істейді.

Атап айтқанда, министрліктің орталық аппаратында 176 қызметкер, Су шаруашылығы комитетінде 37 адам еңбек етеді. Ал Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті мен бассейндік су инспекцияларында 222 маман қызмет атқарады.

«Қазсушар» РМК-да 9889 адам, «Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ-да 65 қызметкер жұмыс істейді. «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметінде 368 маман, Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында 101 маман еңбек етеді. Сондай-ақ «SK Water Solutions» ЖШС-да 45 адам, өңірлік мемлекеттік мекемелерде 9 қызметкер жұмыс істейді.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қазақстанның су шаруашылығы саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

«Құрметті әріптестер! Сіздерді Су шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әрқайсыңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, кәсіби жетістік және отбасыларыңызға амандық тілеймін. Сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасында еліміздің су қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп сияқты экономиканың маңызды салаларының тұрақты дамуына негіз қаланып отыр. Сіздер су тасқыны кезеңінде судың қауіпсіз өткізілуін, вегетация кезеңінде егістік алқаптарына судың тұрақты жеткізілуін және гидротехникалық нысандардың сенімді жұмысын қамтамасыз етіп келесіздер. Сіздердің еңбектеріңіз назардан тыс қалмайды. Министрлік алдағы уақытта да су саласы мамандарының мәртебесін арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастыра береді»,– деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Министрлік құрылған күннен бастап су шаруашылығы мамандарының мәртебесін көтеруге және олардың еңбек жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөліп келеді. Соңғы екі жарым жылда «Қазсушар» РМК қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен екі есеге артты.

Бұдан бөлек, «Қазақстанның су шаруашылығы саласының еңбек сіңірген қайраткері» жаңа мемлекеттік наградасы тағайындалды.

Сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шаралары да кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, 2024 жылы су шаруашылығы мамандықтары алғаш рет «Дипломмен – ауылға!» мемлекеттік бағдарламасына енгізілді. Бүгінде «Қазсушардың» Жамбыл филиалының бірнеше маманы көтерме жәрдемақы алды. Ал былтыр саланың алты маманы «Наурыз жұмыскер» ипотекалық бағдарламасының қатысушысы атанды.

2025 жылы «Қазсушар» РМК филиалдарына 576 техника берілді. Бұған қоса, тариф қаражаты есебінен тағы 135 техника сатып алынды. Соның нәтижесінде кәсіпорынның техника паркі 27%-ға жаңартылды. Сондай-ақ «Қазсушардың» 435 маусымдық қызметкері тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді.

Алдыңғы мақала

Тұрғындар арасында «Заң мен тәртіп» түсіндірді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Заң мен тәртіп – қоғамның берік тірегі

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
824
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.