Бүгін мен өз пікірімді білдіріп, дауысымды бердім. Бұл қарапайым қадам көрінгенімен, оның мәні терең – әрбір азаматтың ел тағдырындағы рөлі айқын көрінеді. Дауыс беру – тек заңмен берілген құқық емес, сонымен қатар елімізге деген жауапкершілігіміздің нақты көрінісі.
Әрбір таңдау – қоғамның дамуына, мемлекеттің тұрақтылығына және келешектің дұрыс бағыт алуына әсер ететін маңызды қадам. Біз бүгін жасайтын шешімдерімізбен ертеңіміздің негізін қалдап жатырмыз. Сондықтан әр дауыс санаулы емес, әрбір азаматтың белсенділігі маңызды.
Менің ойымша, осындай белсенділік халықтың саяси мәдениетінің жоғарылағанын, демократиялық құндылықтарға сенімнің артқанын көрсетеді. Қоғамымыздың әр мүшесі өз пікірін ашық білдіріп, дауыс беруге атсалысу арқылы тек өз болашағына ғана емес, еліміздің жалпы даму бағытына да үлес қосады.
Сондықтан әр азамат өз құқықтарын пайдаланып, белсенді қатысудан қалыс қалмауы тиіс. Өйткені әр дауыс – бұл елдің ертеңіне салынған нақты қадам. Болашағымыздың көркем, тұрақты және әділ болуын қаласақ, әрқайсымыз бүгінгі таңда жауапкершілікпен өз рөлін атқаруымыз керек.
Секебеков Жалғас Советкалиевич










