Жексенбі, 2 Сәуір, 2023
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Саясат айнасы

Азық-түлік не үшін қымбаттап жатқанын түсіндірді

12 Сәуір, 2022
Азық-түлік не үшін қымбаттап жатқанын түсіндірді
1
БӨЛІСУ
8
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Қазақстандағы азық-түлік бағасының өсуі инфляцияға байланысты екенін түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазақстандағы инфляция 2022 жылдың наурызында 2016 жылдың қыркүйегінен бастап шарықтау шегіне жетіп, бір айда 8,7 пайыздан 12 пайызға дейін өсті. Инфляцияға ең көп үлес қосқан азық-түлік тауарлары болды, олардың бағасының өсуі 10 пайыздан 15,4 пайызға дейін жеделдеді, бір айда инфляция 5,8 пайызға өсті», — деді Ұлттық банк басшысы үкімет отырысында.

Пірматовтың айтуынша, жылдық бағаның айтарлықтай өсуі байқалған таурлар: ақ қырыққабат, қант, картоп, қызанақ.

«2022 жылғы наурыздың төртінші аптасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жылдық мәнде 18,6 пайызға дейін өсті. Бұл өсімге наурыздың екінші аптасында белгілі бір азық-түлік тауарларына сұраныстың күрт артуы ықпал етті. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасының апта сайынғы өсуі наурыздың соңғы аптасында 1,3 пайыз, сәуірдің бірінші аптасында 0,9 пайыз болып, тұрақталып келеді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы айырбас бағамының төмендеуіне байланысты қысымға ұшырады және азырақ байқалды. Ол наурызда 8,6 пайыздан 10,9 пайызға дейін өсті», — деп толықтырды Ұлттық банк басшысы.

Оның айтуынша, ақылы қызмет көрсету бағасы 7,1 пайыздан 8,3 пайызға дейін өскен, бұл бірқатар нарықтық қызмет бағасының өсуіне байланысты.

«Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардан алдын алу шараларын қабылдау және маусымдық бағаның өсуіне жол бермеу талап етіледі.

Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін бөлшек сауда үстемесінің сақталуын тиімді бақылау қажет», — деп қосты Пірметов.

Алдыңғы мақала

Премьер-Министр бірқатар өңірдің әкіміне жұмысты жандандыру қажеттігін ескертті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Финляндия мен Швеция НАТО-ға кіруге ниетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
694
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
683
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
487
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
471
Қорғас қырғыны

Қорғас қырғыны

19 Сәуір, 2022
375
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
373
Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

26 Қараша, 2022
279
Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

22 Қазан, 2022
268
«Біз әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс-берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз»

«Біз әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс-берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз»

26 Наурыз, 2023
249

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.