Сенбі, 25 Наурыз, 2023
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Саясат айнасы

Бұл сайлаудың маңыздылығы неде?

17 Қараша, 2022
Бұл сайлаудың маңыздылығы неде?
5
БӨЛІСУ
66
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Рас, бұл сайлау бұрынғы сайлаулардан ерекше. Қоғам дамып, демократиялық құндылықтар алға озған сайын азаматтардың саяси сауаты артып, болашаққа қажетті шешімдер таразыға түскен сәтте үнсіз қалмайтын жағдайға жетті. Соңғы кездері Қазақстан Республикасы Президентін сайлау ісіне өңірдегі жастар да белсене араласып, өз таңдауларын жасауға асығып жүр десек еш қателеспейміз.

Сайлау – кез келген елде уақыт талабымен жүзеге асатын демократиялық таңдау жүйесі. Президент, Парламент, жергілікті мәслихат сайлауы болсын азаматтарға конституциялық таңдау құқығын жасауға әрі саясат пен мемлекеттік басқару ісіне тікелей араласуға мүмкіндік беретін қоғамдық қатынас жүйесі. Осы жүйенің ішіндегі Президент сайлауы маңыздылығы жағынан бәрінен жоғары. Өйткені мемлекет тізгінін ұстайтын адамның білімі, біліктілігі, саяси һәм экономикалық ұстанымы мен демократиялық көзқарасы болашақта біздің мемлекетіміздің халықаралық ареналардағы бейнеміз, үніміз, сөзіміз болып саналады. Сондықтан Президент сайлауы саяси-экономикалық маңыздылығы жағынан ғана емес, ел тағдыры таразыға түсер, болашақ бағдары қалыптасар мемлекеттік мүдде тұрғысынан қарастырғанда ауқымды шара.

Қазақстан – адам құқығы мен бостандығын, ой еркіндігін негіз етіп алған қайырымды қоғам құруға талпынып келе жатқан мемлекет. Үстіміздегі жылдың басында болған «қаңтар қасіреті» еліміздегі көптеген кемшіліктің бетін  ашып, жаңа ғасырға ескі құндылықтардың жамау бола алмайтынын айғақтап берді. Әділетті қоғам құруда түбегейлі және жан-жақты ойластырылған реформалар керегін уақыт өзі алға тартып отыр.

Ғаламдық геосаясат шатқаяқтап тұрған қысылтаяң кезеңде мемлекетті кез келген ішкі және сыртқы тығырықтан шығара алатын, саяси-экономикалық өрлеу мен нәтижелі реформа құра білетін, қордаланған әлеуметтік мәселелерді шешудің тиімді жолын таба алатын қажырлы, қайратты тұлғаны басшылыққа сайлау барлық елдің арманы. Елдегі ең жоғарғы лауазымды өзінің жеке басының танымалдылығын арттырып, әулетінің тұрмыстық жағдайын жақсартып алу мүмкіндігі тұрғысынан қарастыратын, әмірін жүргізіп, ықпалын күшейтетін құзірет санайтын адамдардың дәурені өткенін бағамдайтын кез жетті. Қарапайым тілмен айтқанда Президент – халықтың сеніміне ие болған жалдамалы қызметкер. Мемлекеттік менеджер. Миллиондаған адамның ортақ мүддесі мен саяси көзқарасын айқындайтын лауазым иесі. Әділетті қоғам қалыптастыру парасатты президенттің қолында. Бұл сайлаудың маңыздылығы да, өзгешелігі де осында. Сондықтан 20-қараша Қазақстан Республикасы Президенті сайлауына баршамыз қатысып, біркісідей атсалысайық ағайын! Мемлекет мүддесін бәрінен биік қоятын лайықты тұлғаны таңдайық. Өзіміздің, болашақ ұрпағымыздың жарқын өмірі мен келелі келешегі үшін таңдау жасайық жерлестер. Өйткені әркімнің дауысы маңызды. Болашақ сіз бен біздің қолымызда екенін естен шығармайық.

Медет МҰҚАТАЙ,

Панфилов аудандық

Мәслихатының депутаты.

Алдыңғы мақала

Белгілі ақын сайлауға белсенді қатысуға шақырады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Жаңа Қазақстанның жарқын болашағы үшін дауыс берейік»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
688
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
677
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
483
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
464
Қорғас қырғыны

Қорғас қырғыны

19 Сәуір, 2022
365
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
365
Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

26 Қараша, 2022
276
Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

22 Қазан, 2022
267
Суан Назар батыр қайда жерленген?

Суан Назар батыр қайда жерленген?

21 Наурыз, 2023
232

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.