Жексенбі, 1 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

«Бүркіттерді сақтайық» жобасы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

19 Маусым, 2024
«Бүркіттерді сақтайық» жобасы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
1
БӨЛІСУ
12
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Efes Kazakhstan мен Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстандағы бүркіттердің популяциясын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған «Бүркіттерді сақтайық! » әлеуметтік жобасын іске асыру жөніндегі риясыз қызмет туралы меморандумға ресми түрде қол қойды.

Жобаның жүзеге асуына Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің бірі саналатын қыран құстың жойылу алдында тұрғаны және Қызыл кітапқа енуі басты себеп болды.

«Бүркіттерді сақтайық» жобасы 2012-2019 жылдар аралығында Efes Kazakhstan жүзеге асырған «Өз үлесіңді қос – табиғатты сақта!» бастамасының табысты жалғасы. Осы жоба барысында Алматы облысында 25 бүркіт өсіріліп, табиғатқа шығарылды. Бұл игілікті іс құстардың өңірдегі санының едәуір өсуіне мүмкіндік берді.

Жобаның жаңа кезеңінің негізгі мақсаттары:

  • Бүркіттердің табиғаттағы тіршілік ету ортасы туралы зерттеулер жүргізу және құстарды кейіннен шығару
  • Қазақстанда бүркіттердің саны мен тіршілік ету ортасы бойынша деректерді жинау және талдау.

Efes Kazakhstan компаниясының бас директоры Эртан Курт:

«Біз Қазақстанның ең маңызды рәміздерінің бірі бүркіттерді сақтауға өз үлесімізді қоса алатынымызды мақтан етеміз. Біздің жоба өзінің тиімділігін дәлелдеп үлгерді. Бұл жұмысты Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп жалғастыруға өте қуаныштымыз. Біздің мақсатымыз – қыран құстардың популяциясын қалпына келтіру ғана емес, сонымен бірге қоғамның назарын экологиялық жауапкершілік пен қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығына аудару»

Стратегиялық ынтымақтастық аясында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі құстардың тыныс-тіршілігін зерттеуге және оларды табиғатқа шығаруға қолдау көрсетеді, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарына және олардың нәтижелерін тануға жәрдемдесетін болады. Өз тарапынан Efes Kazakhstan жобаны қоса беріліп отырған Жол картасына сәйкес іске асыруды өз мойнына алып, экспедициялар өткізуді, бүркіттерді өсіруді, күтіп-бағуды және оларға күтім жасауды қолға алады. 2024-2034 жылдар кезеңіне толық қаржыландыруды қамтамасыз етіп, сондай-ақ жобаны іске асыру жөніндегі есептерді жасап, хабарлап тұруды ұсынады.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев:

«Бүркіт – сұңқарлар тұқымдасының ең атақты жыртқыш құстарының және халқымыздың «Жеті қазына»-сының бірі. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген құс. Соңғы ғасырларда бүркіт бұрын өмір сүрген көптеген аудандардан жоғалып кетті. Мұның себептері жаппай ату, пестицидтерді қолдану, урбанизация және жерді экономикалық қажеттіліктерге өзгерту болды. Осыған байланысты мемлекет бүркіт санын сақтау бойынша бірқатар шаралар қабылдап келеді. «Эфес Қазақстан» ЖК АҚ-на Қазақстандағы бүркіттерді сақтауға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдіреміз»

Меморандумға қол қою мемлекет пен жеке бизнестің Қазақстанның табиғи мұрасын сақтаудағы бірлескен күш-жігерін айғақтайды. Бұл жоба сирек кездесетін құстардың көбеюіне ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар тұрақты дамуға қол жеткізу үшін экологиялық жауапкершілік пен ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсетеді. Сонымен қатар, бастама қоғамның әр түрлі секторларының ресурстары мен білімдерін біріктіру басқа компаниялар мен ұйымдарды осындай жобаларға қосылуға шабыттандыру арқылы қоршаған ортаны қорғау мәселелерін қалай тиімді шеше алатынының мысалы ретінде қызмет етеді. Осылайша, “Save the Berkuts” — «Бүркіттерді сақтайық!» жобасы био әр түрлілікті сақтауға және болашақ ұрпақ үшін экологиялық тепе-теңдікті сақтауға біздің ортақ үлесімізді білдіреді.

Алдыңғы мақала

АҢЫЗДЫҢ ОРАЛУЫ: ағылшындар өлкесінен шыққан әлемдік бестселлер MG 5 Қазақстанға қайта оралды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Күзде адам папилломавирусына қарсы вакцинация басталады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
882
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
686
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
670
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
597
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.