Жексенбі, 18 Мамыр, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Күзде адам папилломавирусына қарсы вакцинация басталады

19 Маусым, 2024
Күзде адам папилломавирусына қарсы вакцинация басталады
1
БӨЛІСУ
9
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

2024 жылы адам папилломавирусына қарсы вакцина Ұлттық вакцинация күнтізбесіне енгізілді. Бұл аурудан қорғаудың тиімді әдісі. Екпені Жетісу облысындағы 11-14 жасар 6000-ға жуық қыз балаға егу жоспарлануда. Шара осы жылдың күзінде басталмақ. Бұл туралы Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанета Нұрманбетова, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау депаратаменті басшысының орынбасары Индира Күнбасова және облыстық көпсалалы клиника директорының орынбасары Гүлайым Оразбекова БАҚ өкілдерімен кездесуде баяндады.


«Еліміздегі жыл сайын осы жатыр мойны обырының жаңа жағдай тіркеліп отырады. Дүниежүзі бойынша бұл қатерлі ісік бойынша Қазақстан 5-ші орында тұр. Ал өлім бойынша күнделікті, статистикаға сүйенсек, республикамызда күнделікті бұл дерттен 2 әйел көз жұмады», — деді Жанета Нариманқызы.
Адам папилломавирусы жыныстық қатынас, тұрмыстық байланыс, терінің зақымдануы арқылы таралады. Сондай-ақ, адамның папилломавирусы эпиляция кезінде дененің бір аймағынан екіншісіне көшеді. Вирус ылғалды ортада тез таралады, сондықтан қоғамдық орындарда моншалар, спорт залдары, бассейндерге барғанда жеке гигиенаны сақтау керек. Жатыр мойны обырын емдеудің негізгі әдістері хирургиялық, сәулелік және химиотерапия. Бұл вирус түрлі ауруларға, бедеулікке әкелуі мүмкін. Вакцинаның арқасында ауруды жоюға болады, дейді мамандар.
«Денсаулық сақтау министрлігі АҚШ-та жасалған 4-валентті «Гардасил» вакцинасын сатып алуды жоспарлап отыр. Вакцинация 2 кезеңде ата-аналардың келісімімен жүргізіледі, 2-ші доза 6 айдан кейін салынады. Ең тиімді қорғаныс вакцинация. Оны жүзеге асырған мемлекеттерде жатыр мойны обыры 90%-ға төмендеді», — дейді Индира Кунбасова.
Облыстық көпсалалы клиника директоры орынбасарының айтуынша, осы жылдың 1 тоқсанының дерегі бойынша қатерлі ісікпен диспансерлік есепте 7000-нан астам пациент тұр. Олардың ішінде жатыр мойны обыры бойынша 557 әйел тіркелген.

Алдыңғы мақала

«Бүркіттерді сақтайық» жобасы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Декларация тапсырмаған азаматтар айыппұл төлейді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.3k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
880
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
668
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
658
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
645
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
596
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.