Жексенбі, 14 Желтоқсан, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Балқаш көлінің жағалауында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

1 Тамыз, 2025
Балқаш көлінің жағалауында қауіпсіздік шаралары күшейтілді
0
БӨЛІСУ
4
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысы Сарқан ауданы аумағындағы Балқаш көлінің жағалауында шомылу маусымы қызып тұр. Осыған орай қазіргі уақытта құтқару қызметінің 13 маманы қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуде, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сарқан ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Елдар Тұрсыновтың айтуынша, Балқаш көлінің 16 шақырымдық жағалауында шомылу маусымы басталғалы бері күнделікті патрульдеу және түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.

— Лепсі аймақтық құтқару қызметінің мамандары Балқаш көлінің жағалауындағы қауіпсіздік мәселесіне  қамтамасыз етіп отыр. Жасақ құрамында 13 қызметкер бар, олар техникалық жағынан 1 КАМАЗ, 2 УАЗ, 1 ТРЭКОЛ автокөлігі, 4 қайық және 1 катермен жабдықталған. Жергілікті атқарушы органның қолдауымен қазір 2 қайық сатып алу жұмыстары жүргізілуде.  Әсіресе судағы қауіпсіздік бойынша түсіндіру шараларына көп көңіл бөлінеді. Осы орайда жалпы демалушыларға, соның ішінде көлге арнайы келген лагерь балаларына 1 мыңнан астам қауіпсіздік жөніндегі жадынама парақшалары таратылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде шомылу маусымы кезеңінде жағада адасып қалған 5 бала құтқару жасағы қызметкерлерінің көмегімен табылып, ата-аналарына табысталды, — дейді Е. Тұрсынов.

Демалушылар түсіндіру шараларының жүйелі жүргізілгенін қолдайды.

— Балқаштың суы жылы, жағасы құм, шомылуға қолайлы. Бала-шағамызбен бір жазда бірнеше рет келіп шомыламыз. Құтқарушылар күн сайын дауыс ұлғайтқыш құрылғысы арқылы судағы қауіпсіздік туралы ескертулер жасап отырады. Парақшалар таратады. Демалушыларға қауіпсіздік туралы тұрақты түрде ескертіп отырғаны дұрыс деп есептеймін, — дейді талдықорғандық тұрғын Айгерім Сабырбекқызы.

— Мен Сарқан ауданы Қарауылтөбе орта мектебінің оқушысымын. Бізді демалысқа арнайы көлге алып келді. Маған суға шомылған ұнайды. Көлде балалармен бірге демалысым көңілді өтіп жатыр. Бізге алысқа жүзуге, суда бір-біріміздің қол-аяғымызға жармасуға болмайтынын, басқа да судағы ережелер түсіндірілді, — дейді 8-сынып оқушысы Әбікен Әбіл.

Оған қоса Сарқан ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Балқаш көлінің жағалауында орналасқан демалыс аймақтарының басшыларымен ғимараттағы өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді де назардан тыс қалдырмайды.

Еске салсақ, Балқаш көлі жағалауын дамыту бағытында «Балқаш» туристік-рекреациялық демалыс аймағының инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысы қолға алынған. Жобада электрмен және сумен қамту, кәріз жүйелері, жағалау жиегіндегі автожол құрылысы қарастырылған. Қазіргі кезде көл жағалауында 52 мың адам демалса, жағалау қажетті инфрақұрылыммен қамтылып, даму жоспары іске асырылғаннан кейін мұнда маусымына 450 мыңнан астам адам демалады деп болжануда.

Алдыңғы мақала

Әлеуметтік көңіл күй тұрақты: көпшілік елдің болашағына сенеді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ОКҚ құрылымындағы жаңа Орталық фейктерді жоққа шығару және манипуляцияларды талдаумен айналысады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
931
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
793
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
771
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
726
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
651
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
614
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
546

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.