Дүйсенбі, 24 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Бас Прокурор прокуратура органдарының ардагерлерімен «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру және жастарды тәрбиелеу мәселелерін талқылады

15 Шілде, 2026
Бас Прокурор прокуратура органдарының ардагерлерімен «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру және жастарды тәрбиелеу мәселелерін талқылады
1
БӨЛІСУ
17
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Салтанатты кездесу прокуратура органдарының әр буын өкілдерін біріктіріп, «Заң мен Тәртіп» идеологиясын одан әрі ілгерілету, заңдылықты нығайту, жастарға патриоттық тәрбие беру және ұрпақтар сабақтастығын сақтау мәселелерін талқылауға арналды.
Іс-шараны ашқан Бас Прокурор Берік Асылов прокуратура органдары Мемлекет басшысының Әділетті Қазақстан құру жөніндегі бағытын дәйекті түрде іске асырып келе жатқанын атап өтті. Бұл бағытта заң үстемдігі, азаматтардың құқықтарын қорғау, қоғамдық диалогты дамыту және «Заң мен Тәртіп» қағидаты мемлекеттік саясаттың негізгі бағдарлары болып табылады.
Ол бұл құндылықтардың жаңа Конституцияда бекітілгенін және Президент оларды мемлекеттің орнықты дамуы мен азаматтардың мемлекетке деген сенімін нығайтудың негізі ретінде айқындағанын айтты.
Кездесуде Мемлекет басшысының прокуратура органдарының алдына қойған стратегиялық міндеттердің іске асырылуына ерекше назар аударылды.
Бүгінде мемлекетке заңсыз шығарылған 1,3 триллион теңге көлеміндегі активтер қайтарылды. Осы қаражат есебінен 350 әлеуметтік нысанның құрылысы аяқталды. Оның ішінде 179 сумен жабдықтау нысаны, 159 денсаулық сақтау мекемесі, 6 білім беру нысаны, 3 спорт нысаны, 2 инженерлік инфрақұрылымның нысаны және 1 көлік инфра құрылымының нысаны бар.
«Қазынаға қайтарылған әрбір теңге – нақты адамдар сезінетін әділдіктің қалпына келуі. Бұл – жаңа мектептерде білім алып жатқан балалар, қауіпсіз әрі жайлы жағдайда өмір сүріп жатқан отбасылар», – деп атап өтті Берік Асылов.
Сонымен қатар прокурорлар жаңа өндірістерді іске қосуға, жұмыс орындарын ашуға және экономикалық өсудің жаңа нүктелерін қалыптастыруға бағытталған 3 мыңнан астам инвестициялық жобаны сүйемелдеуде. Тек биылдың өзінде олардың үйлестіруімен 42 жаңа өндіріс іске қосылып, шамамен 3 мың жұмыс орны құрылды.
Құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселесіне тоқталған қадағалау органының басшысы прокуратура органдары ардагерлерінің жас ұрпақты тәрбиелеудегі және «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілетудегі маңызды рөлін атап өтті.
Прокуратураның бастамасымен және Мемлекет басшысының қолдауымен мектептер мен колледждерде «Заң мен Тәртіп» пәні енгізілді. Талғар ауданындағы бірқатар орта білім беру ұйымдарында прокуратура мен полиция ардагерлерінің қатысуымен 8 мыңнан астам оқушыны қамтыған пилоттық жоба жасөспірімдер қылмысының (7-ден 0-ге дейін) және әкімшілік құқықбұзушылықтардың (135-тен 89-ға дейін) төмендегенін көрсетті.
Бүгінде республика бойынша құқық қорғау және арнаулы органдардың 317 ардагері жастармен кездесулер мен дәрістер өткізіп, аталған қағидатты, сондай-ақ «Адал азамат» пен «Таза Қазақстан» бастамаларын түсіндіріп, Конституцияға, заңға және патриоттық құндылықтарға құрметті қалыптастыруға үлес қосуда.
Берік Асылов Мемлекет басшысының: отаншылдық дегеніміз – әрине, Отанға деген сүйіспеншілік қана емес, сонымен қатар азаматтық жауапкершілік пен өзеліңе пайдалы болуға ұмтылыс деген сөзін еске салды.
Бас Прокурор ардагерлерге арнап сөйлеген сөзінде оларды тәлімгерлік пен құқықтық ағарту жұмыстарына, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту ісіне белсенді қатысуды жалғастыруға шақырды. Сондай-ақ Бас прокуратура жанынан заңдылықты нығайту және жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелерін тұрақты түрде талқылайтын алаң құруды ұсынды.
Кездесуді қорытындылай келе, Берік Асылов ардагерлерді 13 шілдеде аталып өткен Прокуратура органдары ардагерлері күнімен құттықтады. Бұл күнді прокуратура органдарының құрметті демалысқа шыққан бұрынғы қызметкерлерінің мерекесі ретінде ардагерлер қауымдастығы айқындаған. Заңға адал әрі мінсіз қызметі және еліміздің құқықтық жүйесін дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі үшін ардагерлерге алғысын білдірді.
Салтанатты жағдайда оларға Бас Прокурордың ведомстволық наградалары, сондай-ақ Прокуратура органдары ардагерлері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық одағының медальдары табыс етілді.

Алдыңғы мақала

Жетісу IT-әлеуетін күшейтуде: жаңа мектептер, ЖИ және аудандардағы оқу

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жетісуда тұрғындарға көмірді жаз мезгілінде сатып алу ұсынылуда

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
824
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.