Жексенбі, 14 Желтоқсан, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Басымдылық нәтижеге беріледі: Елімізде жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізімі бекітілді

10 Қазан, 2025
Басымдылық нәтижеге беріледі: Елімізде жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізімі бекітілді
0
БӨЛІСУ
3
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізімін бекітті. Оған Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Азия пара ойындарының бағдарламасына енген 65 спорт түрі, сондай-ақ ұлттық спорт түрлері енгізілді.

Аталған спорт түрлерін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет есебінен басым тәртіппен жүргізіледі. Қаражат спорт резервін даярлауға, спортшылардың халықаралық жарыстарға қатысуына, оқу-жаттығу жиындары мен спорттық іс-шаралар өткізуге, спорт инфрақұрылымын күтіп-ұстауға және дамытуға бағытталады.

➡️65 жоғары жетістіктер спорты түрінің ішінен 46-сы басымдыққа ие деп белгіленді. Олардың қатарында 11 ұлттық спорт түрі бар. Іріктеу жұмыстары Қазақстан ұлттық құрамаларының Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Азия пара ойындарында көрсеткен нәтижелеріне қарап жасалды.

Жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізіміне енбеген спорт түрлері бұқаралық спорт қағидаты бойынша дамытылады. Жергілікті атқарушы органдар спортшылардың ел чемпионаттары мен кешенді жарыстарға қатысуын қаржыландырады. Ал халықаралық жарыстарға бюджет есебінен қатыса алмайды. Тек демеушілердің немесе өзге де қаражат есебінен қатысуына болады.

✔️Тізім жыл сайын жаңартылып отырады. Бұл Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Азия пара ойындарында жоғары нәтиже көрсеткен спорт түрлерін қосуға мүмкіндік береді.

Заң жобасына енгізілген түзетулер қоғам өкілдері, депутаттар, спорт саласының мамандары, федерациялар, бапкерлер, сарапшылар қауымдастығы мен үкіметтік емес ұйымдардың пікірін ескере отырып дайындалғанын ерекше атап өткен жөн.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елде спорт саласына кешенді реформа жүргізілуде. Министрлік дене шынықтыру және спорт саласын жүйелі реформалауға бағытталған «Дене шынықтыру және спорт туралы» заң жобасын әзірледі.

????Заң жобасындағы бірқатар маңызды өзгерістер:

— спорттың ойын түрлері бойынша кәсіби клубтарды күтіп-ұстауға бөлінетін бюджет қаражатына лимит енгізу;

— Қазақстан Республикасының азаматы емес спортшыларды бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салу;

— «басым спорт түрлері» ұғымын нақтылау және олардың өңірлік тізімін бекіту;

— аккредиттелген спорт федерацияларына діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын қабылдау міндетін жүктеу;

— спорт федерацияларын аккредиттеу талаптарын күшейту;

— «мүгедектігі бар спортшыны сүйемелдеуші» ұғымын енгізу;

— дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік ұйымдар басшыларын ротациялау тетігін енгізу;

— «спорттық дайындықтың ұлттық стандарттары» ұғымын бекіту.

Министрлік елімізде спорттың тұрақты дамуына жағдай жасап келеді. Ұлттық спорт түрлеріне олимпиадалық спорт түрлерімен тең мәртебе беріліп, вертикалды басқару жүйесі қалыптастырылады. Сондай-ақ бюджет қаражаты әлдеқайда тиімді жұмсалмақ.

Алдыңғы мақала

Жыл басынан бері 51 нысан пайдалануға берілді, тағы 220 жоба аяқталу сатысында

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Казахстан и Россия укрепляют сотрудничество в культурно-гуманитарной сфере

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
931
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
793
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
771
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
726
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
651
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
614
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
546

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.