Жұма, 5 Маусым, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Бейбіт Исабаев елді мекендердегі құрылыс алаңдарын аралады

13 Мамыр, 2026
Бейбіт Исабаев елді мекендердегі құрылыс алаңдарын аралады
2
БӨЛІСУ
29
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысының Балпық би ауылында әрқайсысы 60 пәтерлік бес қабатты екі үйдің құрылысы жүріп жатыр. Сол сияқты Бозтоған ауылындағы мектеп күрделі жөндеуден өткізілуде. Бүгін Көксу ауданына барған сапары барысында облыс әкімі Бейбіт Исабаев аталған құрылыс алаңдарында болып, жұмыстың сапасын көрді, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бозтоған ауылындағы Мұсабек атындағы орта мектеп 1987 жылы салынған. Мұндағы жөндеу жұмыстары өткен жылдың мамыр айында басталған болатын. Соның аясында сейсмикалық нығайту, сыныптарды заман талабына сай жаңарту жұмыстары атқарылды. Қазіргі кезде нысанның дайындығы — 95 пайыз.

Білім ошағының ішкі кейпімен таныстырған мектеп директоры Шолпан Нұрғазинова қазір қажетті жиһаздар мен жабдықтар әкелініп жатқанын айтты. Бейбіт Исабаев мектептің спорт залын, мәжіліс залын, асханасын, пән кабинеттері мен сырттағы ойын және спорт алаңдарын аралап көрді. Үлкен мектепте қазіргі таңда 420-дан астам оқушы оқиды. Бұл ретте өңір басшысы алдағы оқу жылын дұрыс жоспарлап, мектепті күтіп ұстауды тиімді ұйымдастыруды тапсырды.

Сол сияқты Балпық би ауылында бір жерде қатар салынып жатқан қос үйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Құрылыс учаскесінің бастығы Жақсылық Өтегенұлының айтуынша, қажетті материалдар түгел жеткізілген. Құрылыс жұмыстарын тамыздың соңына дейін толық аяқтау жоспарланып отыр.

— Қазіргі таңда бір үйдің шатырын жауып жатырмыз. Ал екінші үйдің ішкі бөлмелерін бөлу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс алаңында 80-дей адам жұмыс істеп жатыр, — деді ол.

Облыс әкімі үйдің ішкі құрылыстарының барысын қарап, сыртқы қасбетінің эскизін көрді. Тұрғын үйде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандус, арнайы көтергіш болуы, сол сияқты инженерлік жүйелерге дер кезінде қосу керектігін ескертті. «Ең бастысы құрылыстың сапалы болуына ерекше назар аудару керек» — деді Б. Исабаев.

Атап өтсек, әр үйде 30 үш бөлмелі, 15 екі бөлмелі, 15 бір бөлмелі пәтер бар. Бұл тұрғын үйлер құрылысы аяқталған соң «Отбасы банк» АҚ арқылы ауданда кезекте тұрған азаматтарға беріледі деп жоспарланған.

Алдыңғы мақала

Жетісуда жаңа балық шаруашылығы кешені іске қосылады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.9k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
949
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
806
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
803
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
785
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
662
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
640
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
552

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.