Жексенбі, 18 Мамыр, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Өңір айнасы

Бейбіт Исабаев Президенттің атынан жетісулық агроөнеркәсіп кешенінің үздік қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етті

3 Желтоқсан, 2024
Бейбіт Исабаев Президенттің атынан жетісулық агроөнеркәсіп кешенінің үздік қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етті
1
БӨЛІСУ
10
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев өңірдің үздік ауыл шаруашылығы қызметкерлерін марапаттау рәсімін өткізіп, олардың бірқатарына ел Президентінің атынан мемлекеттік наградалар табыстады, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

— Биыл Астанада ел тарихында тұңғыш рет Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің I форумы өтіп, соның аясында Мемлекет басшысы еліміздің әр өңірінен, соның ішінде Жетісу облысынан барған ауыл шаруашылығы саласының өкілдерін марапаттады. Экономиканың өсуі ауыл шаруашылығының дамуына тікелей байланысты. Біздің өңірдің табиғи-климаттық жағдайының қолайлылығы осы маңызды саланың дамуына үлкен ықпал етеді. Бұл ретте біздің өңірде өсірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің шамамен 65%-ы өзімізде өңделеді. Биыл негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоғары өнім алдық. Мәселен, осы жылы облыста алғаш рет 640 мың тонна қант қызылшасын аламыз. Жалпы 510,1 мың гектар егіс алқабынан 2,1 млн.тонна ауыл шаруашылығы дақылдары жиналады деп күтілуде. Осы жетістіктердің барлығында сіздердің қажырлы еңбектеріңіз, үлкен үлестеріңіз  бар. Біз өз тарапымыздан мемлекеттік қолдау көрсетуді жалғастырамыз. Мысалы, биыл өңірдің агроөнеркәсіп кешенін қолдауға бюджеттен 35 млрд. теңге бөлінді, — деп атап өткен облыс әкімі Б. Исабаев өңірдің ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін шаруашылық өкілдеріне алғысын білдіріп, марапаттау рәсіміне көшті.

«Парасат» орденімен Талдықорған қаласындағы «Самай» шаруа қожалығының басшысы Еркімбек Слямов марапатталды. Ол өзінің шаруа қожалығының жұмысын 30 жылға жуық уақыт бойы жүргізіп, егіншілікпен, және мал шаруашылығымен қатар айналысып келеді. Қант қызылшасы, жүгері, соя, бидай, арпа, сондай-ақ ірі қара мен жылқы өсіреді. Шаруашылықта 50-ге жуық ауыл шаруашылығы техникасы бар.

Ал Ақсу ауданынан «Дәулет» шаруа қожалығының басшысы Дәулет Биәділов пен Алакөл ауданынан «Асыл тұяқ» ЖШС құрылтайшысы, бас директоры Думан Нағашбекұлы «Құрмет» орденіне ие болды.

Дәулет Көшербайұлы ауыл шаруашылығы саласында 22 жылдан бері еңбек етіп келеді. Негізгі бағыты – қызылша өсіру. Бүгінгі таңда «Дәулет-Б» шаруа қожалығы — Ақсу қант зауытына қызылша өткізетін аудандағы ірі шаруашылықтың бірі. Сонымен қатар фермер ауданның аз қамтылған және көп балалы отбасыларына тұрақты қолдау көрсетіп, қайырымдылықпен белсенді айналысып келеді.

Сол сияқты «Асыл тұяқ» ЖШС асыл тұқымды ірі қара мен қой өсіріп, малдың жаңа тұқымдарын шығарады. Сөйтіп экспорттық әлеуетін арттырып, етті мал шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосып жүр.

Өңірдің ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі ескеріліп, 2002 жылдан бастап Кербұлақ ауданындағы «Нұрқадам» ШҚ жүргізушісі әрі механизаторы болып жүрген Нұрбол Сайдақұлов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Марапатталғандардың атынан «Самай» ШҚ басшысы Еркімбек Слямов сөйледі.

— Менің шаруашылығымның жері тасты. Сондықтан жоғары өнімділікке қол жеткізу өте қиын. Бірақ қазіргі заманғы техниканың, агротехнологияларды сақтаудың, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың және шыдамдылықтың арқасында қазір осы учаскелерден 550-600 центнерден қант қызылшасын алып отырмын. Біз табысты дамудың осы қарқынын сақтап қалуға бар күш-жігерімізді жұмсаймыз, — деді ол.

Еске салсақ, жуырда Астана қаласында өткен ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің I форумында Жетісу облысының тағы бір шаруашылығының өкілі, Панфилов ауданында тамшылатып суару технологиясымен жұмыс істейтін «Әйгерім» шаруа қожалығының басшысы Ұлан Сарпеков Президенттің қолынан «Құрмет» орденін алған болатын.

Жалпы Жетісу облысында 10 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 362 млрд. теңгеден асты, ал жыл қорытындысы бойынша бұл көрсеткішті 102,5%-ға, яғни 518,2 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.

Фото авторы Жеңіс Ысқабай

Алдыңғы мақала

ЖЕТІСУДА МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫН ҚҰРУ КЕЗІНДЕ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ата-аналар мемлекеттің жеке меншік мектептерге нақты көмек беріп жатқанын білуге тиіс

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.3k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
880
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
668
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
658
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
645
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
596
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.