Сенбі, 29 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Бейбіт Исабаев: «Әрбір отбасы білім мен прогреске, жарқын болашаққа ұмтылуы керек»

28 Тамыз, 2026
Бейбіт Исабаев: «Әрбір отбасы білім мен прогреске, жарқын болашаққа ұмтылуы керек»
2
БӨЛІСУ
23
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Биыл дәстүрлі «Мерейлі отбасы» байқауына Жетісу облысынан 428 отбасы қатысып, өңір өтінімдер саны бойынша республикада екінші орынға ие болды. Іріктеуден өткен 20 отбасының ішінен жүлдегерлер анықталып,  оларды облыс әкімі Бейбіт Исабаев марапаттады. Олар — білім беру, спорт, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларда табысты еңбек етіп жүрген әулеттер, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Талдықорғандағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өткен салтанатты шараға жиналғандарды құттықтаған Бейбіт Исабаев:

— Елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезім ең алдымен әрбір шаңырақтың берекесінен басталады. Ел Президенті  халыққа ұсынған «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты маңызды тұжырымдамасын іске асыруға мерейлі отбасылар белсене қатысуда. Бәрімізді біріктіретін ортақ ұстаным – бірлік пен татулық, өзара құрмет, еңбекқорлық, ұрпақ тәрбиесіне деген жауапкершілік. Президентіміз кеше Тамыз конференциясында азаматтарымыздың мұңға батып, апатиялық-бойкүйездікке салынбай, алға прогресске, білім мен технологияға жарқын болашаққа ұмтылуы керектігін босқа айтқан жоқ. Бүгінгідей әлемдегі алмағайып күрделі геосаяси кезеңде біздер, әсіресе жастар көзі ашық, көкірегі ояу, зерделі болғаны керек. Әрбір отбасының осындай құндылықтарды өмірлік ұстанымға айналдыруы маңызды, — деп атап өткен өңір басшысы жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне көшті.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің 1-орын жүлдесіне көксулық Еркеновтер ие болды. Ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен отағасы Сәлім Сейтбайұлы КСРО спорт шебері, қазақ күресі мен еркін күрестен бірнеше дүркін жеңімпаз болған. Ал отанасы Қалипан Рыспайқызы – 10 бала тәрбиелеген «Батыр ана», «Алтын жұлдыз» және «Еңбек ардагері» марапаттарының иегері. Бүгінде бұл әулеттің ұрпақтары медицина, ғылым, спорт, құқық қорғау, экономика және мемлекеттік қызмет салаларында табысты еңбек етіп, ел дамуына үлес қосып келеді. 10 бала, 26 немере, 17 шөбере тәрбиелеп отырған өнегелі әулет. Бұл ретте Еркеновтер отбасы «Мерейлі отбасы» байқауының республикалық кезеңінде Жетісу облысының намысын қорғайтын болады. Байқауда 2 және 3-орын орын алған Панфилов ауданынан келген Ахметжановтар мен талдықорғандық Жармұхамедовтар отбасы да – жарты ғасыр бойы шаңырағының берекесін ұйытып, саналы ұрпақ өрбіткен әулеттер. Сол сияқты облыс аймақтарынан келген тағы 7 отбасы ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Жеңімпаздарға ақшалай сертификат, ал жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Жеңімпаз отбасылар өз пікірлерін білдірді.

— Көксу ауданының Еңбекшіқазақ ауылында сонау 1960 жылдардан бері тұрамыз. Өзім ауыл шаруашылығында – қант қызылшасы алқабында, сүт зертханасында жұмыс істедім. Жолдасым екеуміз 10 бала тәрбиелеп өсірдік. Елу алты жыл тату-тәтті отастық, отағасы 75 жасында өмірден өтті. Шүкір, балаларымыздың бәрі жоғары білім алды, бір-бір маман иесі. Бүгін біздің берекелі шаңырағымызды өзгелерге үлгі етіп, жүлде беріп жатқандарыңызға рахмет айтамын. Жас отбасыларға біздің жолымызды берсін, — деді көп балалы ана Қалипан Рыспайқызы.

— Әрине, әрбір отбасы заман көшінен қалмай, уақытпен бірге дамып отыруы керек, балаларды жаңа машықтарға үйреткен де маңызды. Дегенмен еңбекке баулу, мейірім мен өзара қамқорлық, кішіге ізет, үлкенге құрмет тәрбиесін, ұлттық құндылықтарды сақтаған жөн. Сонда отбасы берік те берекелі болады, — дейді жеңімпаз болған отбасының отанасы Күлғайша Жармұхамедова.

Мерекелік салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Атап өтсек, облыста шаңырақ көтерген жас отбасылар саны жылдан жылға артып келеді. Мәселен, өткен жылы 2 451 жас отау құрылса, биылғы алты айдың өзінде 1409 отбасы жаңа өмірге қадам басқан.

Алдыңғы мақала

За неделю в Казахстане подешевели яблоки, капуста и картофель

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Бейбит Исабаев: «Каждая семья должна стремиться к знаниям, прогрессу и светлому будущему»

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
825
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
565

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.