Қазақстанға белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, бірнеше жыр жинақтарының авторы, Панфилов аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Ислам-Ғали Үркімбайұлы жерлестерін саяси науқанда белсенді болуға шақырады.
«20 қарашада өтетін сайлауда аудан халқын сайлауға толық қатысуға шақырамын! Бұл күн еліміздің тарихында алтын әріппен жазылатын, болашағымыз айқындалатын күн. Сондықтан баршамыз бір кісідей сайлауға қатысып, өз таңдауымызды жасайық ағайын», — дейді белгілі ақын.