Жұма, 24 Наурыз, 2023
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам айнасы

Әбілхан Қастеев  – қылқалам шебері

Әбілхан Қастеев (1904 – 1973 жж.) – қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері – Алматы облысына қарасты Жаркент өңіріндегі Шежін ауылы. Топырақ бұйырған жері – Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956).

27 Наурыз, 2022
Әбілхан Қастеев  – қылқалам шебері
0
БӨЛІСУ
6
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Әбілхан ағамыз суретшілік  пен қолөнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау-басқұр тоқуға, сырмақ сыруға өте шебер адам болыпты. Жас Әбілхан анасына көмектесе жүріп, осындай халықтық өнерді бойына дарытқан. Кейіннен суретшінің «мен өнерді таудың бұлағынан, қойдың құлағынан, апамның киізінен, ешкінің мүйізінен үйрендім» деуі де осыдан болса керек.

Әбілхан Қастеев еңбек жолын Түрксіб темір жолынан бастады. Талапты жас одан кейін Мәскеуге аттанып, 1929-1936 жылдар аралығында көркемсурет студиясында Н.Г.Хлудов пен И.Бродскийден тәлім алды. Одан кейін әр түрлі қызмет атқара жүріп, жаңадан құрылған Қазақстан Суретшілер одағын басқарды, басқарма төрағасы болды. Екі рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Депутаты болып сайланды. КСРО-ның жоғарғы Мемлекеттік Орден, медальдарымен марапатталды.

Әбілхан ағамыз өзінің туған елі мен жерін, отанын асқан махаббатпен, өр сүйіспеншілікпен бейнелеген ерен тұлға. Қазіргі таңда оның салған суреттері мемлекет байлығы, ұлт құндылығы болып саналады. Өнерімен өз елін де, барша әлемді де тәнті қылған атақты жерлесіміздің 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде, әлемдік деңгейде атап өтілді.

«Колхоздағы сүт ферма», «Мақта жинау», «Колхоздың тойы», «Қыз алып қашу», «Сатып алынған қалыңдық», «Алтын астық», «Ақсай карьері», «Медеу мұз айдыны», «Түрксіб», «Талас жағалауы», «Қапшағай даласы» секілді құнды суреттері бар. Сонымен қатар Кенесары Қасымұлының, Абайдың, Шоқан Уәлихановтың, Жамбылдың, Амангелді Имановтың портреттерін кескіндеп, бізге баға жетпес байлық ретінде қалдырып кетті.

Марапаттары:

— «Қазан төңкерісі» орденімен, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен екі рет, «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

— Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері (1942).

— Қазақ КСР халық суретшісі (1944).

— Шоқан Уалиханов атындағы Қазақ КСР-нің мемлекеттің премиясы (1967), «Қа­зақсан жерінде» атты туындылары үшін.

Естелік

— Қастеев атымен ҚР мемлекеттік өнер мұражайы, сонымен қатар бірнеше қалалардағы көшелер аталған.

— Шымкент қаласындағы көркемөнер колледжі Қастеев атымен аталған, 2009 жылы колледж алдында суретшінің ескерткіші ашылды.

— 2004 жылы Қастеевке арналға пошта маркілері шығарылды.

— Жаркент қаласында Әбілхан Қастеев атындағы мұражай бар.

Алдыңғы мақала

Алмалым – алтын бесігім

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Табақ тарта білесіз бе?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
688
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
677
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
483
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
464
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
365
Қорғас қырғыны

Қорғас қырғыны

19 Сәуір, 2022
364
Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

26 Қараша, 2022
276
Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

22 Қазан, 2022
267
Суан Назар батыр қайда жерленген?

Суан Назар батыр қайда жерленген?

21 Наурыз, 2023
229

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.