Сейсенбі, 9 Желтоқсан, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Биыл Қазақстан үшін астық өнімділігі бойынша рекордты жыл болды

5 Қараша, 2025
Биыл Қазақстан үшін астық өнімділігі бойынша рекордты жыл болды
1
БӨЛІСУ
12
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында еліміздегі 2025 жылғы егін жинау жұмыстарына қорытынды жасады. Ол аяқталған маусым ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты өсімін көрсеткенін атап өтті.

«Биыл тек дәнді дақылдар бойынша ғана емес, сонымен қатар бұршақты және майлы дақылдар сияқты жоғары рентабельді әрі сұранысқа ие дақылдар тұрғысынан да рекордтық жыл болды. Бұл дақылдарға егіс алқаптарын әртараптандыру шеңберінде ерекше назар аударылды», – деді Айдарбек Сапаров.

Министр ұсынған деректерге сәйкес, республика көлемінде биылғы астық жинау науқаны толық аяқталды. 16 млн гектар жерден орта есеппен гектарына 17 центнерден өнім алынып, ел қамбасына 27 млн тонна астық құйылды. Оның ішінде бидай 12,2 млн гектардан орылып, жалпы көлемі 20,3 млн тоннаға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен жарты млн тоннаға артық көрсеткіш.

«4 млн тоннаға жуық арпа жиналды. Бұршақ дақылдарының түсімі алғаш рет 1 млн тоннаға жетті. Майлы дақылдар бойынша бүгінгі күннің өзінде рекордтық 4,3 млн тонна жиналды және егін жинау жұмыстары жалғасып жатыр. Сонымен қатар, 2,9 млн тонна картоп, 3,8 млн тонна көкөніс, 2,6 млн тонна бақша дақылдары жиналды. Мақта жинау жұмыстары аяқталды. Тамшылатып суаруды қолдану арқасында кейбір шаруашылықтар гектарынан 50 центнерге дейін өнім алды», – деді Айдарбек Сапаров.

Жаңа өнімнен 2,2 млн тонна астық экспортталды

Қазақстанда бүгінде жаңа өнімнен шамамен 2,2 млн тонна астық экспортталды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.

«Бүгінгі күннің өзінде жаңа өнімнен шамамен 2,2 млн тонна астық экспортталды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21%-ға көп. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес астықты терең өңдеу бойынша 5 инвестициялық жоба іске асырылуда. Бұл жобалар нәтижесінде нарықтан қосымша 2,5 млн тонна астық тартылатын болады», – деп атап өтті ведомство басшысы.

Айтуынша, астық сақтау сыйымдылығы республика бойынша 30,7 млн тоннаны құрайды.

«Оның ішінде лицензияланған кәсіпорындарда – 13,3 млн тонна, шаруаларда – 17,4 млн тонна. Жаңа өнімнен элеваторларға 7,7 млн тонна астық тапсырылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Сақтауға тапсырылған жұмсақ бидайдың 53%-ы жоғары сапалы (56%), 35%-ы – төртінші сынып (28%), 12%-ы – төменгі сынып және сыныпсыз астық (16%)», – деді министр.

Агроөнеркәсіпке несие беру көлемі алғаш рет 1 трлн теңгеге жетті

Биыл елімізде ерте жеңілдетілген кредит беру бағдарламасы аясында қаржыландыру көлемі алғаш рет 1 трлн теңгеге жетті. Министрдің айтуынша, ерте қаржыландыру мен жеңілдетілген несие беру тетіктері айтарлықтай әсер етті.

«Биыл ерте жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы аясында қаржыландыру көлемі алғаш рет 1 трлн теңгеге жетті. Бұл ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне егіс науқанын дер кезінде өткізіп, заманауи технологияларды енгізуге мүмкіндік берді», – деді Сапаров.

Өсімдік өсіру маусымының қорытындысы бойынша 1,8 млн тонна минералды тыңайтқыш енгізілген, бұл ғылыми негізделген қажеттіліктің 56 пайызын құрайды. Элиталық тұқым үлесі 9,5 пайыздан 11,5 пайызға өсті.

Ерте қаржыландыру бағдарламасы келесі жылы да жалғасады: 1 қазаннан бастап 2026 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына өтінім қабылдау басталды, ал қарашаның екінші онкүндігінде револьверлік несиелеу тетігі іске қосылады. Бұл жүйе фермерлерге жыл сайын бір ғана кепілмен несие алуға мүмкіндік береді.

«Бұл фермерлерге қолдау көрсетудің тұрақты жүйесін қалыптастырады, маусымдық қаржыландыруға тәуелділікті азайтады және жұмыстарды алдын ала жоспарлауға жол ашады», – деп атап өтті министр.

 Фермерлер енді жыл сайын бір кепілмен несие ала алады

Министрдің айтуынша, биылғы өсімдік өсіру маусымының қорытындысы бойынша алғаш рет 1,8 млн тонна минералды тыңайтқыш енгізілген. Бұл – ғылыми тұрғыда негізделген қажеттіліктің 56 пайызы. Элиталық тұқым үлесі 9,5 пайыз дан 11,5 пайызға дейін өсіп, жоспарланған 10,5 пайыздық межеден асып түсті.

«Ерте қаржыландыру тәжірибесі жалғасын тапқанын ерекше атап өткім келеді. 1 қазаннан бастап 2026 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына өтінім қабылдау басталды. Сонымен қатар қарашаның екінші онкүндігінен бастап аграршыларға арналған несие желілері тетігі енгізіледі. Бұл жүйе фермерлерге жыл сайын бір ғана кепілмен револьверлік негізде қаржылануға мүмкіндік береді», – деді Айдарбек Сапаров.

Экспортты субсидиялау бағдарламасы 2026 жылға дейін ұзартылды

Министрліктің дерегінше, жеңілдетілген лизинг бағдарламасын іске асырудың арқасында, оның көлемі 250 млрд теңгеге жеткен. Соның нәтижесінде ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту қарқыны 6,5 пайызға дейін өсті, ал техника паркінің тозу деңгейі небәрі екі жыл ішінде 80 пайыздан 70 пайызға дейін төмендеген.

Ведомствоның мәліметінше, өткен маусымның қорытындысы бойынша астық экспорты 47%-ға артып, 13,4 млн тоннаға жетті. Бұған экспортты субсидиялау бағдарламасы айтарлықтай үлес қосты. Бағдарламаның қолданылу мерзімі 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін ұзартылған.

Биыл қазақстандық астық Бельгияға, Португалияға, Польшаға, Норвегияға, Ұлыбританияға, Вьетнамға, БАӘ-ге, Мароккоға, Алжирге және Мысырға жеткізілді. Сондай-ақ Иран, Әзербайжан, Армения және Грузияға экспорт қайта жанданды. Қазіргі уақытта жаңа өнімнің 2,2 млн тоннасы экспортталды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21%-ға көп.

«Қазақстан дәстүрлі нарықтардағы позициясын нығайтып қана қоймай, Еуропа мен Солтүстік Африка елдеріне жаңа экспорттық бағыттарды ашып жатыр», – деп атап өтті Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында.

qazaq1913.com

Алдыңғы мақала

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары бекітілді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Astana Media Week 2025: заманауи журналистиканың жаңа бағыттары

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.3k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
929
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
793
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
770
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
726
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
651
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
614
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
546

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.