Панфилов ауданына қарасты Талды ауылдық округіндегі №289 дауыс беру учаскесінде ең жас дауыс беруші Қалиасқар Ұлдана Жомартқызы келіп өз таңдауын жасады. Оған ең жас дауыс беруші ретінде кішігірім сыйлық табыс етілді.
«Үлкеюдің, есеюдің алғашқы баспалдағы деп түсінем өзім. Үлкендермен бірге келіп дауыс беріп, өзімнің конституциялық таңдауымды жасадым. Болашақ біздікі болған соң еліміздегі осындай саяси жағдайларға жастар сергек қарауымыз керек деп ойлаймын», – дейді Ұлдана Жомартқызы.