Бейсенбі, 21 Мамыр, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Брюссельдегі сайлау учаскесінде дауыс беру жалғасып жатыр

6 Қазан, 2024
Фото: Арнур Рахимбеков/ Kazinform

Фото: Арнур Рахимбеков/ Kazinform

1
БӨЛІСУ
8
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де Қазақстанның Бельгиядағы елшілігінің ғимаратында орналасқан №373 сайлау учаскесі референдумда дауыс берушілер үшін есігін айқара ашты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі. 

Учаске жұмысы салтанатты жағдайда Қазақстан Республикасының әнұранының орындалуымен басталды. Ашылу салтанатынан кейін учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері жұмысқа кірісті.

Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігі Брюссельдегі Ван Бевер даңғылы, 30 мекенжайында орналасқан.

Қазақстандықтар жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін дауыс бере алады.

Бельгия астанасынан 200 шақырым жерде орналасқан көршілес Люксембургте тұрақты тұратын қазақстандықтар да Брюссельде дауыс береді.

Референдум өткізу жөніндегі №373 учаскенің төрайымы Гауһар Тұрсынова бір күн бұрын Бельгия мен Люксембургте тұратын қандастарымызды соның ішінде Интернеттегі танымал әлеуметтік желілер арқылы хабардар ету шаралары қолға алынғанын хабарлаған.

«Сайлау тізімінде 200-ге жуық адам бар. Бұл елшілік дипломаттары, олардың отбасы мүшелері, Бельгияның жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттер, сондай-ақ жергілікті компанияларда жұмыс істейтін азаматтар», — деп атап өтті Г. Тұрсынова.

Еске салайық, бүгін қазақстандықтар атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдумда дауыс беріп жатыр.

Республикалық референдум бюллетенінде бір ғана сауал болады: Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе? Дауыс беруші жауаптың екі нұсқасының бірін таңдайды: «Иә, келісемін» немесе, «Жоқ, келіспеймін».

Өздерінің конституциялық құқығын Корея Республикасындағы Қазақстан азаматтары алғашқылардың бірі болып жүзеге асырды.

Сондай-ақ, Бейжіңдегі Қазақстан Республикасының Елшілігі мен Шанхай және Гонконгтағы Қазақстанның бас консулдықтарында Атом электр стансасын (АЭС) салу жөніндегі республикалық референдумға дауыс беру пункттері ашылды.

Зарина Туғанбаева
kaz.inform.kz
Алдыңғы мақала

АЭС: Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов референдумда дауыс берді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

114 жастағы Түймегүл Темірбаева референдумда дауыс берді

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.8k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
949
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
802
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
799
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
776
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
661
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
638
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
551

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.