Сейсенбі, 17 Қараша, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Cу үнемдеудің тиімді жолы

16 Қараша, 2026
Cу үнемдеудің тиімді жолы
1
БӨЛІСУ
12
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Биыл облыс бойынша қант қызылшасының егістік алқабы 13,5 мың гектарды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,3 мың гектарға артық. Биыл Көксу қант зауытына 7585 гектар алқаптан жиналатын 374 мың тонна өнім өткізу жоспарланған. Ал Ақсу өңірінде 5910 гектар алқаптан 226 мың тонна қант қызылшасын жинау көзделіп отыр. Ендеше, өңірлердегі тәтті түбірді өсіру жағдайы қалай? Осы сұрақпен Қаратал ауданына барып қайтқан едік. 

Қаратал ауданында ауыл шаруашылығын дамыту, егістік алқаптарды тиімді пайдалану және заманауи суару технологияларын енгізу бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Әсіресе су тапшылығы жағдайында тамшылатып және жаңбырлатып суару әдістеріне көшкен шаруашылықтардың қатары артып келеді. 2024 жылы су үнемдеу технологиясы қолданылатын алқап көлемі 585 гектарға артып, жалпы көрсеткіш 1408 гектарға жетті. Оның 535 гектарында тамшылатып, 873 гектарында жаңбырлатып суару әдісі пайдаланылды. Былтыр бұл бағыттағы алқап көлемі тағы 550 гектарға ұлғайды. Атап айтқанда, «Бақыт Қаратал» ЖШС 200 гектарға, «Аққар» ЖШС 200 гектарға, «Текелі Агросервис» ЖШС 150 гектарға тамшылатып суару құрылғыларын орнатты. Нәтижесінде аудан бойынша су үнемдеу технологиясы қолданылатын жер көлемі 1958 гектарға жетті. Биыл аталған көрсеткішке тағы 1270 гектар қосылды. Оның 1120 гектарында тамшылатып, 150 гектарында жаңбырлатып суару жүйесі енгізіліпті.

Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Ілияс Саяқбаев:

– Қаратал ауданы ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы өңір. Мақсатымыз егістік жерлерді тиімді пайдаланып, өнім көлемін арттырумен қатар су ресурстарын барынша үнемдеу. Кейінгі жылдары шаруашылықтардың заманауи суару жүйелеріне қызығушылығы айтарлықтай өсті. Тамшылатып және жаңбырлатып суару технологияларын қолданатын алқаптардың аумағы жыл сайын ұлғаюда. Бұл да осы бағыттағы жүйелі жұмыстың нәтижесі, – дейді Ілияс Саяқбаев.

Ауданда тәтті түбір өсіруге де ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар Айту би ауылдық округінде қарқын алған. Аталған округке Қожбан, Айту би, Жасталап және Көкпекті елді мекендері қарайды. Жергілікті шаруашылықтар қант қызылшасымен бірге дәнді дақылдар өсірумен және мал шаруашылығымен айналысады.

– Өткен жылы округ шаруашылықтары 506 гектарға қант қызылшасын еккен еді. Биыл тәтті түбір алқабының көлемі 818 гектарға жетті. Бұдан бөлек, 350 гектарға жүгері және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдары себілді. Шаруашылықтарға жеңілдетілген бағамен жанар-жағармай мен тыңайтқыштар толық берілді. Мұндай мемлекеттік қолдау егістік көлемін ұлғайтып, өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді, – дейді Айту би ауылдық округінің әкімі Медет Сағатбеков.

Округ әкімінің сөзінше, қант қызылшасы алқабының ұлғаюына заманауи суару жүйелерінің енгізілуі де оң ықпал етіп отыр. Бұл бағытта «Тамшы Технолоджи» ЖШС-нің тәжірибесі жергілікті шаруаларға үлгі болуда.

– «Тамшы Технолоджи» ЖШС қолданып отырған тамшылатып суару технологиясы округ шаруашылықтарына көп септігін тигізуде. Су тапшылығы сезілген кезде мұндай технологиялардың маңызы арта түседі. Сондықтан ұсақ шаруашылықтарды да тамшылатып суару әдісін қолдануға бағыттап, оның тиімділігін түсіндіріп келеміз, – деді округ әкімі.

Су үнемдеу технологиясын тиімді қолданып отырған «Тамшы Технолоджи» ЖШС-нің табысы табанды еңбектің айқын көрінісі. Шаруашылық 2024 жылы Қаратал ауданы әкімдігінің қолдауымен 230 гектар жер алған.

– Бұл жерді 2024 жылы Қаратал ауданы әкімінің қолдауымен алдық. Ол кезде алқапта жиде ағаштары қаптап өсіп, шаруашылық жүргізуге қолайсыз болып қалған еді. Бір жыл бойы ағаштарды шауып, жерді тегістедік. Ауылдан егістікке дейін электр желісін тартып, жерасты ұңғымасын қазып, су шығардық. Егістік алқабының барлық бөлігіне су жеткізетін құбырлар желісін орнаттық, – дейді «Тамшы Технолоджи» ЖШС басшысы Ерғазы Бақытжан.

Осындай дайындық жұмыстарынан кейін шаруашылық биыл алғаш рет аталған алқапқа қант қызылшасын септі. Аудан әкімдігінің қолдауымен техника санын көбейтіп, жеңілдетілген бағамен жанар-жағармай мен тыңайтқыштар алған.

Бақытжан Ерғазы бұған дейін де Алматы облысында тамшылатып суару технологиясы арқылы қант қызылшасын өсірумен айналысқан екен. Сондықтан жаңа алқапты игеру кезінде осы салада жинаған тәжірибесіне сүйенген.

– Қазіргі кезде климаттың өзгеруіне байланысты су тапшылығы айқын сезілуде. Бұл мәселе, әсіресе, ағын суы аз Қаратал өңірі үшін өте өзекті. Сондықтан осындай ауқымды алқапқа тамшылатып суару технологиясын енгізуге шешім қабылдадық. Мақсатымыз тек өз шаруашылығымызды дамыту емес. Осы тәжірибені айналамыздағы шағын шаруашылықтарға көрсетіп, оларды да суды үнемді пайдалануға үйреткіміз келеді, – дейді шаруашылық басшысы.

Оның айтуынша, жыл сайын өсімдікке зиян келтіретін зиянкестер мен түрлі аурулар да көбейіп келеді. Тамшылатып суару жүйесі арқылы дақылға қажетті су мен тыңайтқышты белгіленген мөлшерде жеткізуге болады. Бұл өсімдіктің қалыпты өсуіне жағдай жасап, өнімнің сапасы мен көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
«Тамшы Технолоджи» ЖШС алдағы уақытта өндірісті кеңейтіп қана қоймай, қант қызылшасының қалдықтарын тиімді пайдалануды жоспарлап отыр. Шаруашылық қант қызылшасының сабағы мен жапырағын мал азығына айналдыратын технологияны енгізбек.

– Қант қызылшасын жинағаннан кейін алқапта көп мөлшерде жапырақ пен сабақ қалып қояды. Болашақта сол қалдықтарды кәдеге жаратып, мал азығы ретінде пайдаланатын жұмысты қолға алмақпыз. Осы мақсатта қажетті технологияны Қытайдан әкелуді жоспарлап отырмыз. Бұл өсімдік қалдығын ысырап етпеуге және шаруашылыққа қосымша бағыт қалыптастыруға мүмкіндік береді, – дейді Бақытжан Ерғазы.

Бұрын шаруашылық жүргізуге жарамсыз болып келген жердің аз уақыт ішінде заманауи технология енгізілген өнімді алқапқа айналуы шаруалардың қажырлы еңбегінің нәтижесі. Қаратал ауданындағы бұл тәжірибе су тапшылығы жағдайында жер мен суды тиімді пайдаланып, ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуға болатынын көрсетеді.

Қажет АНДАС

Алдыңғы мақала

Су үнемдеу технологиялары: 4.6 мың шақырым канал қайта жаңғыртылуда

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

К 2030 году Казахстан планирует экономить до 2,2 млрд кубометров воды в год

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.7k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
972
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
839
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
826
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
809
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
673
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
661
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
587

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.