Жұма, 24 Наурыз, 2023
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам айнасы

Дәнештің шекарадағы соңғы концерті

...1959 жылдың мамыр айының 10 жұлдызы Совет – Қытай шекарасындағы Қытай иелігіне қарайтын Чипанзе қаласы маңындағы Чазы ауылының сәл төменгі жағындағы атшаптырым аумақ ығы – жығы халыққа толы. Атамекен Қазақстанға қайтып жатқан ел – жұртта есеп жоқ. Совет елшілігінің рұқсатын алғандар үлкен жүк машинасына жүктерін тиеп, өздері ортасына отырып, артта қалып бара жатқан ағайын туыс, жора – жолдас, көршілерімен қимай қоштасып иектері кемсеңдеп, қолдарын бұлғап көз жастарына ерік беруде, рұқсаты жоқтар кезек күтіп тең – тең жүктерімен үнсіз отыр, айнала жасқа толған жанарлар, мұңлы жүздер, қым – қуыт қарбалас... Осы лекке жанұямызбен түгелдей тас түйін болып жиналған біздер де бір бүйірден келіп қосылдық.

27 Наурыз, 2022
Дәнештің шекарадағы соңғы концерті
0
БӨЛІСУ
6
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Әп-сәтте-ақ, жақын сыйласымыз Айтқазы Қалпақбаев пен Дәнеш аға жолыға кетті, амандық — саулық сұрасқан соң Дәкең жұбайы Күлсім, қызы Салима, әкесі Рақыш пен шешесі Ақманардың да осында екендігін айтып үлгермей-ақ Рақыш кәрия да келе қалды. Олардың бұнда келіп кезек күтіп жатқандарына да 2 – 3 күн болғанын өз ауыздарынан естідік. Жастайынан бірге өсіп, тойларда көкпарды бірге тартқан, қыз – келіншектермен талай айтысқа түскен, біздің елге күйеу болып келетін Рақыш қария мен әкем Ахметжан ақжарма әзіл — қалжыңға ерік беріп, хал – жағдай сұрасып жүздеріне қуаныш ұялап бір сергіп қалды. Атамекенге қатар ат басын бұрып, елге бірге баратындарына риясыз қуанып, бұл кездесуіміз қуаныштың басы болсын деп, жақсылыққа жорып жатты. Екі иінінен дем алған сары самаурынның шәйіне шөлдерін басқан қариялардың ендігі әңгімесінің әуені Совет – Қытай саясатына ауысты.

Әкем Ахметжан «…сонау 1930 жылдары Кеңес үкіметіне арқа сүйеген «қарашекпенділердің» атақонысты тартып алып, қазақтың қарсы келгендерін түрмеге қамап, итжеккенге айдатып, қалғандарын шекара асуға мәжбүрлегенін, мұнда да қытай, мәнжу мен сібе-солаңдардың шеріктері басымызға «әңгіртаяқ» ойнатты, басқа түскен соң оған да көндік, енді міне дәм тартып атамекенге қайтып барамыз» деді. Өз кезегінде Рақыш аға сөзді одан әрі өрбітті «…Қытайдың гоминдаңы қоқаңдап жүргенде Шығыс Түркістан қозғалысы қарулы көтеріліске ұласқанын, гоңсандаң мен гоминдаң бірлесіп Халық өкіметін құрып, «үшке», «беске» қарсы саясатын «ашылып сайрауға» ауыстырып, халықтың «қаймағының» атылып, шабылғанын» күрсіне еске алды. Одан коммуна құрылып, үлкен – кішіміз бір қазанға қарап қалдық, саптыаяққа ас құйып, сабына қарауыл қойған заманды да өткердік — ау» деп, екі иығы салбырап үнсіз отырып қалды.

Жөткірініп қалып үнсіздікті бұзған Айтқазының әкесі Тұрлықожа тамағын бір кенеп алып сөзді ары қарай жалғастырды: «… айдайтын итжеккені болмағандықтан «қылмыскерлерді» халықтың көзінше атты, асты. Қысқасы қазаққа заман тарылып, аспан жерге түсті деген осы дағы» атам қазақ айтқандай, «Қайда барсаң Қорқыттың көрі» болған заман болды ғой», — деп, айналасындағылардың назарын өзіне аудартып барып, олардың көкейінде тұрған ойды ортаға ақтарып салды. «Енді Советтегі өміріміз жақсы болып, ұрпағымыз өсіп – өнсе бізде басқа арман жоқ қой» деген ізгі тілекпен сөзін аяқтады. Сөз арасында – облыстық сақшының бастығы Қожаназар, дивизия командирі Ыбырайымбек, облыстық мәдениет басқармасының бастығы Әлімжан Иембергендер де «анкет» толтырып туған жерге оралмақшы екендігі, мынау Дәнештің де облыстық театрдың директоры қызметін тастап елге қайтып баратындығы да айтылды.

Кеш кіріп, күн ұясына таяғанда алыс — жақын, жас – кәрісіне қарамай атағы аймаққа мәшһүр жезтаңдай әнші Дәнештің маңайына жиылып, әнін естіген, естімегені бар — Дәнешке қолқа салып ән айтуын өтінді. Дәкең жиналған жұртқа емірене қарап алып, басын шұлғып, қоңыр домбарысының құлақ күйін келтірді де, екі иығын қомдап алып ән бастады. Әнді әнге ұластырып, әуенін төгілдіріп құйқылжытқанда, дауысы мың құбылады-ау, азаматымның. Тамам жұртты дарыны мен талантына тәнті еткен бұлбұл әнші көпшіліктің дуымен, қолдауымен жиырмаға жуық ән орындап көпшіліктің көңілін бір көтеріп тастады.

Рухы көтеріліп, көздерінде қуаныштың нұры ойнаған ағайынның бәрі дән риза болып құлшына қол соғып, өнерпазға үлкен қошемет көрсетіп, жүрекжарды алғыстарын жаудырып жатты. Өстіп, ойламаған жерден халық сұранысынан туындаған осы бір ән кеші, Дәнештің өзі отыз жылдай өмірін өткізген Қытай жеріндегі соңғы, әрі қоштасу ән кеші сияқты болып көрінді. «Туған жер мен өскен жердің екеуі де, екі түрлі ерекше сезімді тудырып адам жанын тебірентпей қоймайды екен-ау деген қалың ойдың құшағында қалдым» деп әңгімесін аяқтап, жанарын алысқа қадаған күйде ой құшағында отырған нағашыма қарап мен де тез бойымды жинап алдым. Жүзінен жастық шағын еске алып, арғы беттегі туған жерге, өмір беріп аялап өсірген ата – анасына деген жылдар бойы сығымдалып жиналған сағыныштың табын байқадым. Әй, жалған-ай десеңші, өткенге ойша берілген ағамыздың жылдар бойы жүрегінің түкпірінде сақталып, сағыныштың сағымында елес болып қалып қойған, тіршілігінде ет жақындары болған, сол бір аяулы жандармен, ет жүрегі езіле мейірленіп бейне бір үнсіз тілдесіп отырғандай кейпін көрдім… Бар зейініммен тыңдағаным соншалық, сол қариялармен бірге отырып, ән кешінде болып, сонау ел басына күн туып, ат ауыздықпен су ішкен аласапыран заманды көзбен көріп, бастан өткергендей әсерде болдым. Осы бір сәт санама маза бермегені сонша, одан көпке дейін арыла алмай әрі – сәрі күй кешкенім тағы бар…

Жанұзақ АҚТАНОВ

Жанұзақ Ақтанов – 1941-2018 ж. Жанұзақ Ахметжанұлы 1941 жылы 3-қаңтарда ҚХР Қорғас  ауданындағы Қаратасты ауылында туылған. Қазақстанға 1959 жылы оралып, 1968 жылы Алматыдағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының Химия-биология бөлімін тәмәмдаған. 1978 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Ерен еңбегі үшін» және «Қазақ ССР-нің оқу – ағарту ісінің үздік қызметкері» төсбелгісі, т.б. көптеген марапаттардың иегері. Жанұзақ Ахметжанұлының өмір жолы туралы газетіміздің алдағы  нөмірлерінің бірінде жариялаймыз. Жанұзақ Ахметжанұлының естелігін өңдеп, баспаға дайындаған Қали Ибрайымжанов.

 

 

 

 

 

 

Алдыңғы мақала

Табақ тарта білесіз бе?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Біз Бұрханға барғанда…

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
688
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
677
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
483
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
464
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
365
Қорғас қырғыны

Қорғас қырғыны

19 Сәуір, 2022
364
Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

26 Қараша, 2022
276
Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

22 Қазан, 2022
267
Суан Назар батыр қайда жерленген?

Суан Назар батыр қайда жерленген?

21 Наурыз, 2023
229

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.