Бүгін «Дарабоз» спорт кешенінің ұжымы сайлау учаскесіне барып, өз азаматтық таңдауын жасады. Ұжым мүшелерінің айтуынша, сайлауға қатысу – елдің болашағына бейжай қарамай, азаматтық жауапкершілікті танытудың маңызды көрінісі.
«Сайлау – әр азамат үшін өз таңдауын жасап, елдің ертеңіне өз үлесін қосатын жауапты сәт. Біз де ел бірлігін, тұрақтылықты және жарқын болашақты қолдай отырып, өз дауысымызды бердік», – дейді «Дарабоз» спорт кешенінің ұжымы.
Спорт кешені қызметкерлері үшін бірлік пен ынтымақтың маңызы зор. Олардың пікірінше, спорттағы жетістік те, елдің дамуы да өзара түсіністікке, ауыз біршілікке және ортақ мақсатқа байланысты.
Ұжым мүшелері елімізде бейбітшілік пен тұрақтылықтың сақталуына тілектестік білдіріп, жастардың спорт саласында биік белестерді бағындырып, Қазақстанның абыройын асқақтата беруіне тілектестігін жеткізді.










