Сенбі, 14 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Дауыс беру Қазақстанның ішкі заңнамасына сәйкес өтіп жатыр – халықаралық байқаушы

6 Қазан, 2024
Дауыс беру Қазақстанның ішкі заңнамасына сәйкес өтіп жатыр – халықаралық байқаушы
0
БӨЛІСУ
1
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

ТМД елдері атынан келген халықаралық байқаушы Леонид Анфимов атом электр станциясын салу бойынша республикалық референдумның өту барысына қатысты пікір білдірді.

«Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей Федерациясынан 74 адам аккредиттелген, одан бөлек миссияның құрамына ТМД Атқару комитетінің қызметкерлері кіреді», — деді Леонид Анфимов.

Халықаралық байқаушы атап өткендей, халықаралық миссиялардың қызметкерлері референдум өткізу жөніндегі орталық комиссияның қызметкерлерімен бірнеше рет кездесіп, референдум өткізу жөніндегі учаскелік және округтік комиссияларға барды. Олар референдум өткізуге жоғары дайындық болғанын атап өтті.

«Референдум өткізу жөніндегі орталық комиссия ауқымды жұмыс атқарғанын атап өту керек. Референдум жарияланған күннен бастап бір ай ішінде учаскелік комиссиялардың қызметкерлерін оқыту, тренингтер, семинарлар өткізу, техникалық жарақтандыру, референдумда дауыс берушілердің тізімін жасау бойынша орасан зор ұйымдастырушылық-техникалық жұмыс жүргізілді. Референдумға жан-жақты дайындалған деуге болады», — дейді ол.

ТМД елдерінен келген байқаушылар (74 адам) еліміздің 9 өңіріндегі дауыс беру учаскелерінде жүр. Олар Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Түркістан облысы және Астана, Алматы мен Шымкент қаласы.

ТМД байқаушылары Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының, Түркі мемлекеттері ұйымының және АӨСШК өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс істейді.

«Дауыс беру референдумдар мен сайлау науқандарын өткізуді регламенттейтін Қазақстан Республикасының ішкі заңнамасына сәйкес өтіп жатыр. Заң бұзушылықтар жоқ. Менің ойымша, Қазақстан Республикасындағы бұған дейін өткен сайлау науқандарына бақылау жүргізу тәжірибемізге сүйенсек, заң бұзушылық болмайды деп ойлаймын. Референдум ұйымдасқан, тыныш және белсенді өтуде», — деп толықтырды Л. Анфимов.

Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі шетелдегі азаматтарымыздың дауыс беруі белсенді өтіп жатқанын мәлімдеген еді.

Дәулет Ізтілеу
kaz.inform.kz
Алдыңғы мақала

Министр Саясат Нұрбек отбасымен референдумда дауыс берді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Бүгін халықтың қабылдайтын шешімі елдің жарқын болашағына жол ашады деп сенемін – Мұхтархан Ділдәбеков

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.7k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
882
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
712
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
671
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
598
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.