Панфилов ауданындағы дауыс беру учаскелерінде әнұраннан кейін тұрғындарға қолайлы әрі көтеріңкі көңіл күй қалыптастыру мақсатында жағымды әуендер мен патриоттық әндер қойылып тұр. Бұл бастама дауыс беруге келген азаматтардың көңіл күйін көтеріп, референдум күнінің ерекше атмосферасын сезіндіруге бағытталған.
Музыкалық сүйемелдеу учаскелердегі жалпы ұйымдастыру жұмыстарына үйлесім беріп, тұрғындардың еркін әрі жайлы жағдайда дауыс беруіне мүмкіндік жасауда. Әсіресе, ұлттық рухты көтеретін әндер мен танымал әуендер тұрғындардың ықыласына бөленіп, мерекелік көңіл күй сыйлауда.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шағын мәдени элементтер қоғамдық-саяси науқанның тек ресми шара ғана емес, сонымен қатар қоғамдық бірлік пен азаматтық белсенділікті арттыратын маңызды күн екенін көрсетеді.
Осылайша, Панфилов ауданындағы дауыс беру учаскелерінде концерттік бағдарламалар, фотозоналар және музыкалық сүйемелдеу арқылы тұрғындарға жайлы жағдай жасалып, референдум күні ерекше атмосферада өтуде.










