Сенбі, 29 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Диқанға демеу, шаруаға серпін берген серіктестік

22 Мамыр, 2026
Диқанға демеу, шаруаға серпін берген серіктестік
4
БӨЛІСУ
50
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жазиралы Жаркент өңірінің еңбекқор елі ежелден егін егіп, мал өсіріп, несібесін дала төсінен тауып жүрген жұрт. Кеңестік кезеңде бұл аймақта ауыл шаруашылық өндірістеріне қуатты негіз қаланды. Төсіне соқа тісі тимеген мыңдаған гектар жазық далалар орман-тоғайлардан аршылып, тегістеліп, тақтайдай түзу егістік алқаптарына айналдырылды.

Тәуелсіздік таңында жаңа қоғамдық құрылымға көшіп, жекеменшіктің желкенін көтерген ауыл шаруасы Жаркент өңірінің егістік алқаптарын еншісіне алып, әркім хал-қадірінше игеруде. Бүгінде Панфилов ауданында бес мыңға жуық жеке шаруа қожалықтары мен серктестіктер құрылып, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірумен шұғылданып келеді. Бұл бағыттағы жаркенттік шаруалардың тыныс-тіршіліктері сан салалы.

Ежелден сергек сезімді аудан тұрғындары заман талабымен тамырласып, мемлекеттің аграрлық саясатына сәйкес қарымды қимыл-қарекеттер танытып жүр. Бұлай дейтініміз, қазіргі Үкіметтің кәсіпкерлерден сұрайтыны сапалы өнім өндіру болса, жаркенттіктердің талап деңгейінде жұмыс жасауға талпынатынына айшықты мысалдыр көп. Айталық қазір ауданда асыл тұқымды түлік түрлерін өсіретін 20-ға жуық мал шаруашылығы, элиталық дақыл тұқымын өндіріп жүрген оншақты қожалықтар мен серіктестіктер бар. Болашақта сапалы, өтімді өнім өндіріп, өндірісін өрлеткісі келетіндер де аз емес. Өңірде мал саны мен оның тұқымдық сапасы артып келеді. Кезінде мал бордақылап, сапалы ет өндіруден атағы жарты әлемге таралған өңір шаруалары, енді осы істі қайта қолға алуда. Соның бір көрінісі – өңірде қазір ондаған шағын мал бордақылау алаңдары, іріқара борлайтын үлкен мал кешендері салынып, халықты сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету бағытында қарымды қарекеттер жасап келеді.

Қазір жергілікті жерлерде қаражат тапшылығының салдарынан ойға алғанын көңіл көншітіп орындай алмай жүрген жері мен малы аз жеке шаруа қожалықтары баршылық. Міне осындай тұралап тұрған шаруаны алға бастыру үшін Үкімет соңғы кезде көп көмек көрсетуде. Мысалы егіншілерге сатып алған тұқымына, тыңайтқышына, жанармайға, мал шаруашылығымен шұғылданатындарға әр сатып алған асыл тұқымды түлігіне субсидия төленеді. Соңғы жылдары асыл тұқымды малға, оның жем-шөбіне қолдау көрсетіліп, қаржы беріле бастады.

Бұл айтқандарымыздан басқа тек ауыл шаруашылық өндірісін қаржылай қолдайтын республикада «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы ауыл еңбеккерлеріне сан салада көмек көрсетіп отыр. Оның аудандарда құрылған несие серіктестіктері үлкен ұжымдық құрылымға айналды. Солардың бірі «Жаркент несие серіктестігі» ЖШС десек, бұл құрылымның өңір өндірісіне қызмет көрсете бастағанына ширек ғасырға жуық уақыт болыпты. Серіктестік 2002 жылы 8 шілдеде «Аграрлық несие корпорациясының» қолдауымен құрылды. Бұл мекемені құрудың басты мақсаты жергілікті ауылды жерлердегі шаруа қожалықтарына жеңіл әрі тиімді әдіспен несие берудің мүмкіндіктер жүйесін жасау.

«Жаркент» несие серіктестігінің құрылғанына 23 жылдан астам уақыт өтіпті. О баста серіктестіктің жарғылық қоры 3 701 000 теңге болса, қазіргі күнде ол 140 000 000 теңгеге, несие желісі 14800,0 мың теңгеден 2 380 000 мың теңгеге, құрылтайшы саны 14-тен 158 адамға өсті. Алғашқы сәтпен салыстырғанда өткен жылы жарғылық қоры 36,2 есеге, несие желісі 160,8 есеге, құрылтайшылар саны 11,3 есеге көбейіпті. Құрылғанан бергі уақыт аралығында жаркенттік серіктестікке мүше жеке шаруа қожалықтарына жалпы 3 миллиард теңгеден астам жеңілдетілген несие қаржы беріліпті.

– Қазір серіктестіктің Жаркент қаласының орталығында екі қабатты зәулім ғимараты бар, – дейді «Жаркент несие серіктестігі» ЖШС басқарма төрайымы Назгүл Аширова. – Серіктестікте 11 маман еңбек етеді. Олардың көпшілігі осы серіктестікте ұзақ жылдардан бері жұмыс істеген, өз істерінен мол тәжірибе жинақтаған жандар. Атап айтсам бас бухгалтер Индира Бейсенғали, несие бөлімінің басшысы Индира Бекбатырова, несие әкімшілігінің жетекшісі Гүлнұр Әділханова, несие маманы Құралай Еркін, заңгер Раушан Садықова сынды өз ісінің білгірлері жұмысымыздың оң нәтиже беруіне бойындағы білімін, күш-жігерін жұмсап жүр. Бұлар әр құрылтайшының шаруашылық жүргізу әдістері мен тәсілдерін, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудегі тәжірибесін, материалдық мүмкіндіктерін, қала берді мінез-құлқына дейін жетік біледі.

Басқарма төрайымының айтуынша серіктестікке мүше болудың еш қиындығы жоқ, бастысы сізді құрылтайшылардың жалпы жиыны қолдап, жарналық үлесіңізді қоссаңыз болғаны. Қанша мол жарна төлесеңіз, оны 18 есе көбейтіп несие алуға қол жеткізесіз. Қожалықтардың көктемгі егін егу науқанына серіктестік өте қолайлы көмек жасап отыр. Серіктестік мүшелерінің өтініші бойынша егін егу науқанының қарсаңында жыл сайын 5 пайыздық өсіммен 8 айға несие беріледі. Яғни жеңілдетілген мөлшердегі несие алған шаруа көктемде тұқымын, тыңайтқышын, жанармайын сатып алып, техникаларын дайындап, алаңсыз егінін егіп, жаздай күтіп-баптап, күзде астығын жинап болған соң, алған өнімін саудалап, түскен табысынан қарыз қаржысын қиналмай қайтарады.

Осындай қолайлы қолдаумен бұл серіктестіктен құрылтайшы қожалықтар жеңілдетілген несие алып, шаруашылықтарын дамытуда. Серіктестік негізінен егін, мал шаруашылығын дамытуға, техника, тыңайтқыштар мен тұқым сатып алуға және соңғы кезде құдық қаздыруға да көмек көрсетіп жүр. Мұнан берілетін несиелер мал шаруашылығына екі жыл каникулымен 5 жылға, егін егу мен мал бордақылауға 2 жыл, техника сатып алуға 10 жылға дейін 25,5 пайыз үстемемен несие қаржы береді. Оның 19,5 пайызы субсидияланады. Яғни, ақырғы есепте шаруа 6 пайыздық несиеге қол жеткізеді.

Осылардың арасында қазіргі таңда ауыл шаруасының аңсары ауып отырған «Егінжай» бағдарламасы бойынша берілетін несиеге тоқталайық. Несие берілерде егінші қандай дақыл өсіріп жүргені ескеріледі. Мысалы жүгерінің әр гектарына тұқым, тыңайтқыш, жағар-жанар май сатып алып, өңдеп, күтіп-баптап өсіру үшін 64899 теңге жұмсалады екен. Бұл бидай, арпа сияқты дақылдарға жұмсалатын шығыннан екі есе көп. Сондықтан несие беруші ұйым ауыл шаруасының барлық мүмкіндіктерін, шығыны мен кірісін түгел сараптап, жылжитын, жылжымайтын мүлкін кепілдікке алып, екі жақты шарт жасасады. Бұл несиенің егіншіге тиімді жағы оның екі жылға төмен пайызбен берілетіндігі. Қомақты қаржыға ие болған диқан несиені емін-еркін пайдаланып, екі жылғы өнімін сату мүмкіндігіне ие болады. Егер өнімі жоғары бағада сатылып, табысқа кенеліп отырса алған несиесін ешқандай қиындықсыз, айып ақысыз қолдау қорына алдын-ала қайтара алады. Сөйтіп шаруамен шындап шұғылданған кәсіпкерге серіктестік несиесі үлкен демеу болмақ. Өкінішке орай аудандағы 4800-ден астам жеке шаруа қожалығының бар-жоғы 150-ге жуығы ғана серіктестікке мүше құрылтайшы болып келгені көңіл көншітпейді.

Қорыта айтсақ ауыл шаруасының қолдаушысына айналған осындай несие серіктестіктерінің құрылтайшы мүшелері көбейген жағдайда Үкіметтің ауыл шаруашылық өндірісін дамытуға бөліп отырған демеу қаржылары иесін адаспай табар еді деп ойлаймыз.

Алдыңғы мақала

Жетісуда мәдениет саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар тапсырылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Егіс басындағы еңбек қыза түсті

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
825
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
565

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.