Сейсенбі, 25 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

«Әділет» партиясында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының күшіне енуі талқыланды

1 Шілде, 2026
«Әділет» партиясында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының күшіне енуі талқыланды
1
БӨЛІСУ
15
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Бүгін «Әділет» партиясында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының күшіне енуіне арналған партия активінің кездесуі өтті. Оған партияның Саяси бюросы мен Саяси кеңесінің мүшелері, сондай-ақ еліміздің барлық 20 өңірінің өкілдері бейнеконференция байланысы арқылы қатысты. Бұл формат партияның ұйымдастырушылық қызметіне цифрлық құралдарды енгізу бағытының бір бөлігі.

Кездесуді ашқан Партия Төрағасы жаңа Конституцияның күшіне енуі мемлекет дамуының маңызды кезеңі екенін және елдің қоғамдық-саяси дамуының жаңа бағдарларын айқындайтынын атап өтті.
«Бүгін – Қазақстан үшін сондай айтулы белес. Елімізде Жаңа Конституция күшіне енді. Бұл – жай ғана құқықтық оқиға емес, Қазақстанның тарихи дамуындағы жасампаздық пен жаңғыру жолының бастауы», — деді Айбек Дәдебай.
Кездесуге қатысушылар мемлекеттік басқаруда конституциялық қағидаттарды іске асыру, заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтарын қорғау, адами капиталды дамыту, цифрландыру және қоғамның қатысуын кеңейту мәселелерін талқылады.
Партияның Саяси кеңесі мен Конституциялық комиссиясының мүшелері Бөріхан Нұрмұхамедов пен Лаура Қарабасова да жаңа Конституция елдің одан әрі дамуы үшін маңызды екенін жеткізді.
«Әділет» партиясы жаңа Конституцияның партиясы ретінде дүниеге келді. Оның конституциялық референдумнан кейін пайда болуының терең саяси мәні бар», — деді Бөріхан Нұрмұхамедов.
Лаура Қарабасова Ата Заң білім, ғылым және адами капиталдың елдің ұзақ мерзімді дамуы үшін негізгі фактор ретіндегі маңызын арттыратынын айтты.
«Бүгінде біз адами капитал мен ғылыми әлеует мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуының негізгі факторына айналған тарихи кезеңде тұрмыз. Жаңа Конституция білім мен ғылымның рөлін жаңа деңгейге көтереді», – деді ол.
Талқылаудың бір бөлігі конституциялық құндылықтарды іс жүзінде жүзеге асыру мәселесіне арналды. Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының президенті, Саяси кеңес мүшесі Эмин Әскеров әлеуметтік кәсіпкерліктің әділдік пен тең мүмкіндіктер қағидаттарын ілгерілетудегі маңызын атап өтті. Ал Саяси кеңес бюросының мүшесі Замира Кузиева жаңа Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтіп, заң үстемдігі қағидатын нығайтатынын айтты.
«Жаңа Конституция – бұл әділетті, жауапты, заманауи мемлекет құру жолындағы маңызды қадам. Ол әрбір азаматтың құқығы мен еркіндігін қорғауды, заң үстемдігін күшейтуді және мемлекет жұмысының басты өлшемі адам мүддесі болуы тиіс екенін айқын көрсетеді», — деді Замира Кузиева.
Цифрлық трансформация мәселесіне тоқталған Саяси кеңес мүшесі Нұрбек Матжани жаңа Конституцияның заманауи технологиялық сын-қатерлерді ескеретінін айтып, «Әділет» партиясы өз жұмысына цифрлық құралдарды жүйелі түрде енгізіп келе жатқанын жеткізді.
«Әділет партиясы өз алдына цифрлық партия болу міндетін қойып отыр, алғашқы қадамдарымыз да жаман емес. Тәуелсіз Қазақстан тарихында бірінші болып партияны тіркеу сатысында цифрлық шешімдерді сәтті қолданды», — деді Нұрбек Матжани.
Талқылауды Саяси кеңес бюросының мүшесі, журналист Ирина Тен қорытындылады. Оның пікірінше, жаңа Конституцияның күшіне енуі мемлекет пен қоғам дамуының жаңа кезеңінің басталғанын білдіреді.
«Жаңа Конституция – Жаңа дәуір деген атау жай ғана ұран емес. Бұл – Қазақстанның болашағына, мемлекет пен қоғамның жаңа сапасына, азамат құқығы мен адам қадір-қасиетіне деген жаңаша көзқарастың көрінісі», — деді Ирина Тен.
Партия Төрағасы «Әділет» партиясының басты басымдығы жаңа Конституция қағидаттарын іс жүзінде жүзеге асыру екенін атап өтті.
«Әділет» партиясы қоғаммен және азаматтарымызбен бірге осы жауапты миссияны орындауға толық дайын. Жаңа Конституцияның қағидаттары біздің қызметіміздің негізінде жатыр. Біз жинаған тәжірибе мен қолдағы барлық ресурстар осы қағидаттарды іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталады», — деп түйіндеді Айбек Дәдебай.
Кездесу қорытындысы бойынша партияның Саяси кеңесі Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты мәлімдеме қабылдап, әділдік, заң үстемдігі, адамның қадір-қасиетін құрметтеу, қоғамдық келісім және ел болашағы алдындағы жауапкершілік қағидаттарына адалдығын растады.
Осы жұмыстың практикалық жалғасы ретінде «Жаңа Конституция – Жаңа дәуір» атты қоғамдық-саяси іс-шаралар циклі басталды. Алдағы уақытта партия өкілдері еліміздің барлық өңірінде азаматтармен және сарапшылар қауымдастығымен кездесу өткізіп, жаңа Конституцияның негізгі ережелері мен олардың практикалық маңызын түсіндіреді.
Алдыңғы мақала

Мемлекеттің заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеу құқығы конституциялық деңгейде бекітілді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Конституция — фундамент правового государства: итоги круглого стола в Жетысуском университете

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
824
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.