Дүйсенбі, 14 Шілде, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Саясат айнасы

«Әділетті Қазақстанды» бірге құрайық!

6 Сәуір, 2023
«Әділетті Қазақстанды» бірге құрайық!
1
БӨЛІСУ
9
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Құрметті жерлестер, ауылдастар! Президентіміздің реформасымен танысып, қуанып отырған жайымыз бар. Реформада ерекше атап өтер тағы бір тұсы – ауыл шаруашылығына ерекше назар аударылғанында дер едім. Себебі, ауыл шаруашылығы қолдауды көп қажет ететін сала. Сондықтан оның мәселесі мемлекеттік экономика жүйесінде қарастырылуға тиіс. Ауыл шаруашылығының мән-жайы жалпы экономиканың барлық салаларына тікелей және жанама ықпал етеді әрі Қазақстан азаматтарының тұрақты, қауіпсіздікте өмір сүруіне жағдай жасайды. Мемлекет басшысының ауылшаруашылығына, медицина саласына, ұлттық экономиканың құрылуына көңіл бөлуі өте қуантарлық жағдай. Ауылды жерлерге фельдшерлік амбулаториялар салынып, автожол құрылысы жұмысының жүргізілуі, мал шаруашылығын арттыру негізгі мәселе болып отыр. Ауылды жерлерде жастарды қолдау мақсатында ең төменгі пайызбен несиелер берілуі, спорт кешендерінің салынуы, мәдениет ошақтарының көбеюі жастар үшін, ауылды дамыту үшін маңызы зор болмақ. Билік басына, яғни депутаттыққа көзі ашық, намысты азаматтардың баруы «Әділетті Қазақстанды» құруымыздың бірден-бір кепілі. Президент реформасының орындалуының бірден-бір айғағы ауылымызда да мәдениет ошағымыз күрделі жөндеуден өтіп, Алланың үйі мешітімізде іске қосылып, біраз азаматтар жұмыспен қамтылғалы отыр. Ел алдында тұрған үлкен міндеттерді айқындаған бұл үндеу – жаңа дәуірдегі мемлекет тұрақтылығы мен тәуелсіздігінің кепілі. Саяси сындарлы диалог пен экономикалық маңызды реформалар қоғамдық гүлдену мен мемлекеттің ертеңіне үлкен үміт ұялатады. Жағымды жаңалық пен стратегиялық маңызды игілікті бастамаларға, идеяларға толы Президенттің жаңа реформалары – халықтың көкейінде жылдар бойы қордаланып жүрген мәселелерді шешуге арналып, еліміздің экономикасын дамытып, саясаты мен тәуелсіздігін нығайтуға, халқымыздың әл-ауқатын арттырып, материалдық жағдайын жақсартуға бағытталған, елімізді жарқын болашаққа, Қазақстанның жаңа даму кезеңіне бастайтын маңызды құжат.

Елімізде тыныштық, бейбітшілік болсын. Тәуелсіздігіміздің тұғыры шайқалмасын. Ал осы құндылықтарды сақтап қалу үшін әрбір Қазақстан азаматы өз білімімен, адал еңбегімен ел дамуына елеулі үлес қосуы тиіс.

Біз таңдаған жолымыздан айнымаймыз. Олай болса, «Әділетті Қазақстанды» бірге құрайық! Қасиетті Отанымызды бірге өркендетейік, ағайын!

Көктерек ауылдық жергілікті

қоғамдастық мүшесі

Боранбай АТАЛЫКОВ

Алдыңғы мақала

Әділет жолында әрекет керек

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Үкіметтік емес ұйымдар – Президент реформаларының бір бағыты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.8k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
885
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
782
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
732
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
680
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
649
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
601
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.