Дүйсенбі, 24 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Еңбек адамы – сайлауалды науқанның басты тақырыбы

1 Тамыз, 2026
Еңбек адамы – сайлауалды науқанның басты тақырыбы
3
БӨЛІСУ
40
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Кеше еліміздің әр өңірінде өткен сайлауалды кездесулер партиялардың қоғамдағы ең өзекті мәселелерге қатысты ұстанымдарын тағы бір мәрте айқындады. Мектептер, ауруханалар, өндіріс орындары, архивтер мен қоғамдық ұйымдарда ұйымдастырылған жүздесулердің тақырыптары әртүрлі болғанымен, олардың барлығын біріктірген ортақ мәселе – еңбек адамының жағдайы, оның әлеуметтік әл-ауқаты және өмір сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар болды.

Ақмола облысында «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы тұрғындармен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бастамаларды талқылады. Көкшетаулықтар кәсіпкерлерге арналған бірыңғай цифрлық платформаны құру, колледждерге жасанды интеллект технологияларын енгізу, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және жаңа жұмыс орындарын ашу жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен қатар партия өкілдері спортшылармен, жаттықтырушылармен, өндіріс орындарының еңбек ұжымдарымен, туризм және шипажай-курорт саласының мамандарымен кездесіп, спортты дамыту, фермерлерді қолдау, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу және кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін талқылады. Кездесулер барысында балалардың әлеуметтік жағдайына немесе тұрғылықты жеріне қарамастан тегін спорт секцияларына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі де көтерілді.

Білім беру мәселесі де күн тәртібінен түскен жоқ. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия білім саласына арналған арнайы конференция өткізіп, педагогтер мен сарапшыларды бір алаңға жинады. Онда білім сапасын арттыру, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту, мұғалім тапшылығын азайту және педагогтерді қолдау мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар білім беру жүйесінде кешенді реформалар жүзеге аспайынша, елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мүмкін емес деген ортақ пікірге келді.

Білім тақырыбы бойынша Respublica партиясы да өз көзқарасын білдірді. Партия өкілдері Қазақстан халық партиясының PISA нәтижесі төмен мектептерге айыппұл салу жөніндегі ұсынысын сынға алып, мұндай тәсіл мәселені шешпейтінін айтты. Олардың пікірінше, ауыл мектептері мен қала мектептерінің мүмкіндіктері бірдей емес. Сондықтан барлық білім беру ұйымдарынан бірдей нәтиже талап ету әділетсіз. Партия мұғалімдерді жазалаудың орнына, білім беру ортасын жақсартып, педагогтерге нақты қолдау көрсету әлдеқайда тиімді жол екенін алға тартты.

Экология мәселесін басты назарда ұстайтын «Байтақ» партиясы бұл жолы денсаулық сақтау саласы өкілдерімен кездесті. Ақтаудағы №2 қалалық емхананың ұжымымен өткен жиында медицина жүйесінің жай-күйі, өңірдің экологиялық қауіпсіздігі және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды. Партия нақты шешімдер халықпен күн сайын жұмыс істейтін дәрігерлер мен мамандардың тәжірибесіне сүйене отырып қабылдануы тиіс деген ұстанымын жеткізді.

Қазақстан халық партиясы тарихи жады тақырыбына ерекше көңіл бөлді. Партия «Мемориалдық аймақ» қоғамдық бірлестігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, архивтік зерттеулер мен іздестіру жұмыстарын қолдауға ниетті екенін мәлімдеді. Партия өкілдерінің айтуынша, мұндай жобалар тарихи шындықты сақтау мен кейінгі ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Өңірлердегі жұмысын жалғастырған «Ауыл» партиясы Қостанай облысында еңбек ұжымдары және ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізді. Кездесулерде агроөнеркәсіп кешенін дамыту, ауыл кәсіпкерлігін қолдау және инфрақұрылымды жаңарту мәселелері көтерілді. Партия төрағасы Қайрат Айтуғанов еңбек жолын бастаған «Қазпошта» ұжымымен де жүздесіп, сапарын жастар волонтерлерімен өткен үгіт-насихат акциясымен қорытындылады.

Ал Қарағанды облысында «Ақ жол» партиясының төрайымы Дәния Еспаева өндіріс орнының еңбек ұжымымен кездесіп, отандық өндірісті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, өнеркәсіпті дамыту және салық саясатын жетілдіру мәселелерін талқылады. Соңғы күндері бірнеше партияның Қарағанды мен Жезқазған өңірлеріне арнайы баруы да кездейсоқ емес. Бұл аймақтар еліміздің индустриялық әлеуетін қалыптастырған еңбек адамдарының өлкесі ретінде ерекше маңызға ие.

Жезқазғанда өткен Respublica партиясының форумында өңірдің өнеркәсібі, жол инфрақұрылымы, медицина және білім беру саласы сөз болды. Сонымен бірге форум аясында партия өкілдері басқа саяси күштердің ұсыныстарына қатысты өз пікірлерін білдіріп, шетелде еңбек етіп немесе бизнес жүргізіп жүрген қазақстандықтардың қаражатын ел экономикасына инвестициялауға қолайлы жағдай жасау қажеттігін атап өтті. Олардың пікірінше, азаматтарға сенім арту экономикалық белсенділікті арттырудың маңызды тетіктерінің бірі болуы тиіс.

Осылайша, бір күн ішінде өткен кездесулер сайлауалды науқанның негізгі бағыттарын айқындай түсті. Бір жағынан білім беру жүйесін реформалау, ауыл мен қала арасындағы теңсіздікті азайту мәселесі қызу талқыланса, екінші жағынан кәсіпкерлікке, өндірісті дамытуға және азаматтардың экономикалық бастамаларын қолдауға қатысты көзқарастардың айырмашылығы анық байқалды. Партиялардың бағдарламалары әртүрлі болғанымен, олардың басым бөлігі еңбек адамының мүддесін қорғау, әлеуметтік жағдайын жақсарту және өңірлердің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мәселелерін басты назарда ұстап отырғанын көрсетті.

Д.НАЗАР

Алдыңғы мақала

Дауыс беру – ел ертеңіне сену

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Халық елдің ертеңіне жауап бере алатын мемлекетшіл тұлғаларды күтеді

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
824
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.