Республикалық референдум Жаркент қаласының 324 учаскесінде салтанатты түрде Мемлекеттік Әнұран ойналумен басталды. Алғашқы дауыс берушілер – еңбек ардагері Дүйсен Әлімжанов пен қоғам белсендісі, белгілі заңгер Бекмұхамет Серікбаев құттықтау сөз сөйлеп, ізгі лебіздерін білдірді. Учаскеде алғашқы болып дауыс берген Д.Әлімжанов, Қ.Жайлаубаеваға ұйымдастырушылар естелік сыйлықтар табыстады. Аталған учаскеде келушілер ерекше белсенділік танытуда.










