Жексенбі, 18 Мамыр, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Елімізде «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды

2 Мамыр, 2024
Елімізде «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды
3
БӨЛІСУ
36
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Биыл мамыр айынан бастап елімізде тағы бір жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Бұл жайлы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайында жариялады. Бағдарламаның жүзеге асырушы — «Отбасы Банк». Ипотеканың талаптары мен ережелері туралы облыстық «Отбасы банкі» филиалының өкілдері Өңірлік коммункациялар қызметінде айтып берді.
Өтініштер «Баспана маркет» порталында сәуірдің 25-і мен маусымның 30-ы аралығында қабылданады. Бағдарламаға барлық қазақстандықтар қатыса алады. Оған әлеуметтік осал топтың өкілдері, жұмыс істейтін жастар, жас отбасылар, тұрғын үй төлемдерін алушылар, «Отбасы Банкінің» салымшылары жатады.
«Наурыз» бағдарламасының шарттарына тоқталсақ, бастапқы жарна 20 проценттен басталады. Тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал тобының өкілдеріне 7 процентпен беріледі. Ал азаматтардың барлық санатына несие 9 процентпен есептеледі. Несие мерзімі 19 жылға дейін беріледі. Бағдарламаға қатысушылардың және оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жылда баспанасы болмауы тиіс. Алматы және Астана қалаларында, облыс орталықтарында бұрын қолданыста болмаған жаңа баспана ұсынылады. Ал басқа өңірлерде, яғни аудандар мен моноқалаларда, елдімекендерде бастапқы және қолданыстағы баспана алу мүмкіндігі беріледі», — деді облыстық Отбасы Банк филиалы директорының орынбасары Қуандық Нұрғалиев.
Айта кетейік, «Наурыз» ипотекасының басқа тұрғын үй бағдарламаларынан басты айырмашылығы – салымшының депозит мерзіміне қарамайды. Яғни, бүгін депозит ашып, ертең бағдарламаға қатысуға болады. Тек бір ескеретін жайт, депозитте кем дегенде 1 млн теңге болуы тиіс.
Қатысушылар бастапқы тұрғын үйді «Баспана маркет» порталында өзі таңдай алады. Мұндай ерекшелік ең алдымен тұрғын үй бағасын негізсіз өсіруге жол бермеуге бағытталған.
«Алматы, Астана қалалары бойынша берілетін несие сомасы 36 миллион теңге. Ал, басқа өңірлерде, сондай-ақ, Жетісу облысында 30 миллионға дейін беріледі. Баспана бағасы тұрақты болуы үшін біз өтінімдерді «Баспана маркет» порталы арқылы қабылдаймыз. Құрылыс компаниялары біздің порталға өтінім тастайды. Одан біз бәрін қадағалап, қарап отырамыз», — деді бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Мұрат Булегенов.
«Наурыз» жаңа тұрғын үй бағдарламасы 8 жылға негізделген. Осы уақыт аралығында еліміздің 68 мың азаматын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда. Биыл республика бойынша бұл бастамаға 300 млрд. теңге көлемінде қаражат қарастырылып, 12 мың қазақстандық бағдарлама аясында пәтерге ие болады деп күтілуде.

Алдыңғы мақала

Электр желілеріне қосылу тәртібі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жетісу облысының мемлекеттік ауруханалары монополияға қарсы органның нұсқамаларын орындады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.3k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
880
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
668
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
658
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
645
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
596
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.