Жексенбі, 14 Желтоқсан, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Саясат айнасы

Елордадағы ерекше күн

9 Қыркүйек, 2025
Елордадағы ерекше күн
2
БӨЛІСУ
31
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Апта басы айшықты жаңалықпен басталды. Жетісу жерінен Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың дәстүрлі Жолдауына арнайы делегацияның қатарында Елордаға келуім ерекше есте қалған күннің бірі болды. Бұл Мемлекет басшысының былтырғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп атап, қатардағы еңбек адамының беделін арттырып, имиджін қалыптастыруға бағыттаған жүйелі тапсырмасының жемісі десем артық айтқандығым емес.

Өзім жазиралы Жаркент өңірінде су шаруашылығы саласында еңбек етемін. Жасыратыны жоқ мұндай маңызды жиынға Үкімет адамдары, Сенат пен Мәжіліс депутаттары, министрлік өкілдері мен облыс әкімдері ғана қатысатындай көрінетін. Бірақ ел Президентінің Жолдауы өтетін салтанатты жиында өзім сияқты қатардағы еңбек адамдарын көргенде ерекше әсерге бөлендім. Мұның өзі қарапайым еңбеккерлердің қазіргі таңдағы қоғамдағы орнын белгілеп берді. Бұл қолдау бізге де өз пайдасын тигізеді деп ойлаймын. Және осындай жиынға бізді қатыстыру қарапайым жұмысшының табан ет, маңдай терін бағалау деп қабылдадым. Сонымен бірге биылғы Жолдауында Мемлекет басшысы су мәселесіне де ерекше көңіл бөлді. Бұл жалпы адамзаттық проблеманың бір шеті бізге тиетінін көрсетсе керек. Жоғарыда айтқанымдай өзім су шаруашылығының маманы болғандықтан өзіме тікелей қатысы бар саланы қолдау туралы айтқанын зор ықыласпен тыңдадым.
Мемлекет басшысы өз сөзінде Арал теңізін қайта қалпына келтіру бағытында атқарылған шараларға тоқталып, Каспий теңізінің тартыла бастауына алаңдаушылық білдірді:
– Су мәселесін шешу – әлеуметтік тұрақтылықты сақтап, экономиканы дамытудың кепілі. Бұл – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басты фактордың бірі. Соңғы екі жылда осы саланың институционалдық негізі қалыптасты: Су кодексі қабылданып, арнайы министрлік құрылды. Бірақ мұнымен шектелмей, жүйелі әрі жан-жақты жұмыс жүргізу қажет. Кәсіби кадрларды даярлап, су дипломатиясымен айналысатын мамандарды әзірлеу маңызды, – деп аса күрделі мәселеге тоқталды. Шынында Президент айтқандай, еліміздегі су ресурстарының нақты көлемі жөнінде толық мәлімет жоқтың қасы. Кей өңірлерде судың 50-60 пайызы ысырап болып жатыр.

Суды есепке алу технологиясының тозығы жеткен, бөлу және тарату орындарында құрылғылар ескірген. Осылай деген Мемлекет басшысы халықты ауыз сумен және егістікті суару мәселелерін аяқсыз қалдырмауды ерекше атап өтті.
Президентті мұқият тыңдай отырып, негізгі шұғылданатын кәсібім су шаруашылығы болғандықтан көктемгі, жазғы егін суару науқаны кезіндегі қиындықтарды еске алдым. Алаңдататыны жылдан-жылға Жаркент өңіріндегі өзен сулары азайып барады. Соған байланысты шаруалар егін егіп, дақыл баптайтын кезеңде су бөлуде көптеген қиындықтарға тап боламыз. Өйткені, шаруа қожалықтарына тиесілі егістіктердің бәрін қажетті мол сумен толық қамтамасыз ету мүмкін емес. Күн-түндемей судың көзін күзетіп, шаруалардың әрқайсысына кезекпен су беретін мұраптар егілген өнімнің қанық суарылып, уақытымен өсіп жетілуі үшін көп күш жұмсайды. Соған қарамастан аудан диқандарының судан тарықпауына үлес қосып келеміз.
Біздің Тышқан су бөлу бөлімшесінде 19 мұрап еңбек етіп, жаз бойы 6 мың гектарға жуық егін алқабын сумен қамтамасыз етеді. Тышқан өзенінің бойында 10 миллион текшеметр су сақтайтын қойма салынады деген хабарды естіп қуанып жүрміз. Ақжолтай жаңалық уақытында орындалып, су қоймасы салынса, таудан келетін қар суына қарап отырмай, егіншілерге қажетінше су бөлу мүмкіндігіне ие болар едік. Президенттің биылғы Жолдауында осы мәселеге ерекше мән берілуі үмітімізді үкілеп, тіршіліктің тірегіне жан кіргізгендей әсер етті. Себебі, сусыз тіршіліктің сәні де, мәні де болмайды.

Тоқтасын САТЫБАЛДИЕВ,
«Қазсушар» мекемесінің Тышқан су бөлу бөлімшесінің басшысы
Панфилов ауданы

Алдыңғы мақала

Жетісу облысында 11 ауыл ішімдіктен түбегейлі бас тартты

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Бибігүл Жексенбай: Жолдау – елдің болашағын айқындайтын стратегиялық құжат

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
931
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
793
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
771
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
726
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
651
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
614
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
546

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.