Энтеробиоз – паразиттік құрттардан (гельминттер) туындайтын жұқпалы ауру. Қазақстан Республикасындағы паразиттік аурулар құрылымында бірінші кезекте балаларды зақымдайтын энтеробиоз – басты паразитоз. Энтеробиоздың таралу кеңдігі құрттардың жоғары контагиоздылығына және берілу жолының жеңілдігіне байланысты.
Жетісу облысы бойынша 2026 жылдың 10 айында энтеробиоздың 76 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі бала саны 73 (96%). Былтырғы жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 3 жағдайға өскен.
Энтеробиоздың пайда болу себептері. Энтеробиоздың пайда болуына құрттар, ал инфекция көзіне ауру адам себеп болады. Негізгі берілу жолы – қарым-қатынас арқылы. Алғашқы зақымдалу лас қолдар арқылы жүреді. Жануарлар (жүн арқылы), шыбындар мен тарақандар (аяқ-қолдары арқылы) ықтимал механикалық тасымалдаушылар бола алады. Гельминт жұмыртқалары сыртқы ортада өте тұрақты, 2-4 апта бойы жұқтыру қабілетін сақтайды, дезинфекциялау құралдарының әсерінен бірден өлмейді.
Энтеробиоздың белгілері. Энтеробиоздың инкубациялық кезеңі (асқазан-ішек жолына жетілген жұмыртқалардың түсуінен бастап аурудың алғашқы белгілеріне дейін) 3-6 аптаны құрайды. Осы уақыт ішінде жұмыртқадан дернәсілдер шығып жетіледі, олардың тіршілік циклі шамамен 28-30 күн. Жіңішке ішектің соңғы бөлімінде және қалың ішектің бастапқы бөлімдерінде құрттар жетіледі. Бұл – анальды тесіктің айналасындағы қышу энтеробиоздың ең алғашқы белгісі. Ол көбінесе кешке немесе түнде үш-төрт күн бойы мазалайды. Қышу ұйқыны бұзады, адам тітіркенеді, түнде зәрді ұстамау және жиі түнде зәр шығару пайда болуы мүмкін. Егер реинвазия болса, қайталама қышыну белгісі 2-3 аптадан кейін пайда болады. Гельминттер ішек қабырғасына тереңірек енген кезде қабыну түйіршіктері қалыптасады.
Тіршілік ету және құрттардың ыдырау өнімдері ішек микрофлорасының бұзылуына әкеледі, ағзаға уытты әсер етеді, аллергия туғызады. Ішектің ас қорыту қызметі бұзылады.
Осының салдарынан: тәбетінің бұзылуы, кіндік айналасы мен іштің төменгі бөліктеріндегі ауырсынулар, іштің кебуі және құрылдауы, үлкен дәреттің жиілеуі, нәжіс түрінің бұзылуы (шырыштың қоспасымен ботқа тәрізді болады), жүректің айнуы секілді белгілер пациентті мазалайды.
Алдын алу. Балаларға қолдар мен тырнақтардың тазалығын сақтау қажет, таңертең және түнде перианальды аймақты сабынмен міндетті түрде жуу, тырнақтарды кеміру әдетінен бас тарту, түнде міндетті түрде іш киіммен ұйықтау және оларды күнделікті ауыстыру, төсек әбзелдерін жиі ауыстыру, оны ыстық үтікпен үтіктеу, жиі жуыну, үй-жайды ылғалды жинау, жеке пайдалану және тұрмыстық заттарды ыстық сумен залалсыздандыру. Ересектерге қолдарын сабынмен тамақ алдында, дәретханаға барғаннан кейін, ұйықтағанға дейін және одан кейін мұқият жуу, жеке гигиена, күнделікті ауысым немесе төсек әбзелдерін ыстық үтіктеу ережелерін қатаң сақтау қажет.
Облыс бойынша биыл 10 айда энтеробиоздың 76 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі бала саны 73 (96%). Былтырғы жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 3 жағдайға жоғарылаған.
Энтеробиоздың пайда болу себептері. Энтеробиоздың пайда болуына құрттар, ал инфекция көзіне ауру адам себеп болады. Негізгі берілу жолы – қарым-қатынас арқылы. Алғашқы зақымдалу лас қолдар арқылы жүреді. Жануарлар (жүн арқылы), шыбындар мен тарақандар (аяқ-қолдары арқылы) ықтимал механикалық тасымалдаушылар бола алады. Гельминт жұмыртқалары сыртқы ортада өте тұрақты, 2-4 апта бойы жұқтыру қабілетін сақтайды, дезинфекциялау құралдарының әсерінен бірден өлмейді.
Индира КҮНБАСОВА,
Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары










