Жексенбі, 2 Сәуір, 2023
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Тарих айнасы

Ер есімі – Елтінді

XVII ғасырдың 30-жылдарында басталып, XVIIІ ғасырдың сексенінші жылдары Жоңғар мемлекетінің жойылуымен аяқталған қазақ-жоңғар соғысының көрнекті тұлғаларының бірі – Елтінді батыр.

27 Наурыз, 2022
Ер есімі – Елтінді
1
БӨЛІСУ
8
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Орбұлақ шайқасында қазақ батырларымен тізе қосып, ерен ерліктің үлгісін көрсеткен батырға жерлестері 1998 жылы Алмалы ауылында туылғанының 400 жылдығын атап өтті. Басғұншы-Алмалы тас жолының бойына кесене тұрғызылып, Алмалы орта мектебінің ауласына бюст қойылды. Ауылдағы көшенің бірі Елтінді батыр есімімен аталды. Халықтың сұрауы бойынша 1999 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы министрлер кабинетінің №1436 қаулысымен Алмалы орта мектебіне Елтінді батыр есімі берілді.

 

Тарихына терең зер сап қараңыз,

Ерлік ісін, шежіреден табамыз.

Тасқа таңба болып түссе кейбірі,

Бірі жайлы ел аузында бар аңыз.

 

Жан жоқ шығар ертегі тыңдамаған,

Баба ерлігін айтады жыр да маған.

Елмен, ердің көп жайын аңғарамыз,

Қазыбек бек қалдырған жылнамадан.

 

Ықылымда би, батыр, хандар өткен,

Ел-жұрт қорғап алысып көбе сөккен.

Азуын айға білеген сан жыртқыштың,

Омыртқасын опырып, қанын төккен.

 

Сондай бір кез қырық үште басталды,

Бұлт торлады қазақ тұрған аспанды.

Бейбіт жатқан қамсыз елге бүйідей,

Батур бастап елу мың қол бас салды.

 

Хан Жәңгір батырлармен тізе қосып,

Қара селдей қалмақты келген жосып,

Спартандық ерлердей елін сүйген,

Қаймықпай қарсы алды кеуде тосып.

 

Тайсалмайтын  көк  найзадан, жебеден,

Қиын  кезде  тар  қолтықтан  демеген.

Батырлар-ай, елдің  болған  ұйытқысы,

Сенің жерің, менің елім демеген.

 

Дүбір шықса, бас қосатын бар саңлақ,

Үйде бұғып отырмайтын жалтаңдап,

Серт байласып, бір қазаннан дәм тартып,

Елден жауды қуатығұн талқаңдап.

 

Жар салғанда Қаратаудан Қарасай,

Батыр біткен атқа қонған тола сай.

Жау сұраған ақ алмасын емінтіп,

Ұлы Арқадан үнін қосқан Ағынтай.

 

Күндіз-түні елдің қамын ойлаған,

Қиын-қыстау кезде серттен таймаған.

Ел шетіне жау енді деп есітіп,

Атқа қонған, біраз батыр найманнан.

 

Ерегесте дұшпанын еңсеретін,

Қаймығып, сескеніп жау теңселетін.

Батырлардың бөленген ықыласына,

Қарсы алды жұрт, Найманның Көксерегін.

 

Алдырмайтын көп дұшпанға аңдыған,

Топқа кірсе айналасын қан қылған.

Серке  санды тұлпар мініп арымас,

Сарыбұқа батыр келді Қаңлыдан.

 

Қазақ түбі бірге санап қырғызды,

Атастырып бесігінде ұл-қызды.

Құда болып, аңда болып дос-жараң,

Екі араға талай жорға жүргізді.

 

Жекпе-жек деп қан жұтқызған талайға,

Кеудесінде жарқылдаған шарайна.

Қазақ бауыр басына іс түсті деп,

Үйсін таудан асты қырғыз Табайда.

 

Кезенсе мүлт кетпейтін атқан оғы,

Ата жауға жүрегі кекке толы.

Бар қаруын асынып шарт түйініп,

Дулаттың келді мерген Жақсығұлы.

 

Қалай айтсаң мақтауға ылайық тағы,

Жасанып Арғын Қомпай келді тағы.

Төртқарадан Жиенбет жеке шықты,

Қол бастаған ұрыста Жайықтағы.

 

Кірпік  ілмей  жау  баққан  күндіз-түні,

Еңгезердей  алып  ед сүйегі ірі.

Жау тосатын жер  таңда деп  хан Жәңгір,

ЕрСуаннан  жұмсады Елтіндіні.

 

Ат  тоқымы, ақ  көбіктен  кеппеген,

Қас  дұшпаны қия шауып өтпеген.

Ел шетінде,  жау  өтінде Елтінді,

Көк  найзамен  талай қалмақ көктеген.

 

Қыран  еді  тас  қияда  түлеген,

Жүректі  еді,  жауға  семсер  білеген.

Елі  үшін  керек десе  ер  еді,

Қысқа  күнде  қырық  өтетін  Іледен.

 

Бауыр тартып бүкіл қазақ баласын,

Батырлармен көңіл тауып жарасым.

Шетте жүріп, шепке жауды түсірмей,

Шола тұғын Іле-Ертіс арасын.

 

Батырына түсті сонда бар салмақ,

Қандай жерде, қалай жауды қарсы алмақ.

Бес саусақтай ой-шұқырын білетін,

Туып-өскен жері еді бұл аймақ.

 

Тар кезеңді таңдаған соң Елтінді,

Хан әскерін дайындыққа келтірді.

Кіндік тұстан жер қазып-ап бар жасақ,

Оқпанаға оқ тиместей бекінді.

 

Болсадағы Жаумен күші тең емес,

Демеу беріп, жақпар, жартас, қыр-белес.

Алты жүз ер жауға ашты майданды,

Грек-парсы ұрысынан кем емес.

 

Жауға  кірді  Елтінді  де,

Кекке  қайрап  қылышын.

Жат  табанда  қалмасын  деп,

Келер  заман,ұл  үшін.

 

Риза  болды  батырларға,

Жанын  беріп  қорғаған.

Ұланғайыр  кең  даланың,

Суан жатқан  бұрышын.

 

Осы оқиға  шежіреде  жазылған,

Шежіре  ғой түпсіз  менің  қазынам.

Орбұлақта  оқпананың  орыны,

Куә  болып  әлі  жатыр  қазылған.

 

Демей  ме,  бөлінгенді  бөрі  жейді,

Бөлінбеген  олжасын бөліп  жейді.

Кемел  ойлы, кең  жүрек  ақылды  ұлдар,

Туа  салып,  жұртының  қамын жейді.

 

Елді қосқан батырлар әуел бастан,

Олар жайлы жазылған жыр мен дастан.

Дегізбей сенің жерің, менің жерім,

Қазақтың кең даласын бір қорғасқан.

 

Көсемдер көбейер ел азарында,

Ондайлар, шүкір, аз ғой қазағымда.

Олай болса, бас иіп батырларға,

Бір қайнайық бірліктің қазанында.

1998 жыл, шілде

Молот СОЛТАНАЕВ

Алдыңғы мақала

Ел мақтаған Ережеп

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Абай жүрсең – аман жүресің

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
694
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
683
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
487
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
471
Қорғас қырғыны

Қорғас қырғыны

19 Сәуір, 2022
375
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
373
Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

26 Қараша, 2022
279
Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

22 Қазан, 2022
268
«Біз әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс-берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз»

«Біз әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс-берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз»

26 Наурыз, 2023
249

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.