ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті мен Алматы қаласындағы №65 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен оқушыларға арналған «Ерлік сабағы» өтті.
Кездесуге Ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері, отставкадағы полковник Мирулла Зайдуллаев қатысып, жас ұрпаққа Отанға қызмет ету, ел қауіпсіздігін қорғау және азаматтық жауапкершілік туралы тағылымды әңгіме айтып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті










