Сенбі, 8 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Ескелді ауданында 6 айда қылмыс төмендеген

4 Тамыз, 2026
0
БӨЛІСУ
1
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Ескелді ауданында ауқымды профилактикалық және үйлестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аудандағы құқық бұзу 17,2 пайызға төмендеді. Биылғы жылдың алты айының қорытындысы бойынша көрсеткіш 99-дан 82-ге азайды, оның ішінде қылмыстар 77-ден 68-ге, ал теріс қылықтар 22-ден 14-ке қысқарды. Адам өлтіру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және тонау сияқты аса ауыр қылмыстар мүлдем тіркелген жоқ. Сонымен қатар жалпы алаяқтық, масаң күйде және отбасылық-тұрмыстық салада жасалатын заң бұзу азайды.

Құқық қорғау органдарының басты ұстанымы – салдарымен күресу емес, қылмыстың алдын алу. Осы мақсатта ауданның 11 ауылдық округінде халықпен, пробация есебіндегі және тәуекел тобындағы азаматтармен жүйелі кездесулер өтті. Сотталғандарды қоғамға бейімдеу үшін «Пробация үйі» жобасы жүзеге асып, Мансап орталығымен бірлесіп жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау шаралары қолға алынды. Бұл жөнінде Ескелді ауданы прокуратурасының прокуроры, 1-ші санаттағы юрист Иманасип Қорабаев айтты.

Оң нәтижемен қатар, мал ұрлығы, интернет-алаяқтық және көлік қылмыстарының өсімі байқалып отыр. Аталған бағыттар прокуратураның ерекше бақылауында. Мал ұрлығы бойынша барлық іс сотқа жолданып, жәбірленушілердің шығыны толық қайтарылды. Ал интернет-алаяқтыққа қарсы тұрғындарға жеке деректері мен СМС-кодтарын бөгде адамдарға бермеу қажеттігі түсіндірілуде.

Заңдылықты сақтау және азаматтар мен мемлекет мүддесін қорғау бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылды. Қадағалау актілерінің нәтижесінде 1 138 кәсіпкердің құқығы қорғалып, пайдаланылмай жатқан 1 310 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Сондай-ақ еңбек құқықтары қорғалып, 392 педагог арнайы қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілді, ал балалар арасындағы суицидтің алдын алу шараларының арқасында бұл бағытта ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ.

Ескелді ауданының прокуратурасы қоғамда қауіпсіз әрі әділетті орта қалыптастыру жұмыстарын әрі қарай да жүйелі түрде жалғастырады және кез келген заңсыздық фактісі бойынша азаматтарды прокуратура органдарына еркін жүгінуге шақырады.

«Жетісу-Ақпарат»

Алдыңғы мақала

1 млн гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Есірткі есіртпесін

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.3k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
962
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
820
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
800
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
561

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.