Сенбі, 12 Қыркүйек, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

➡️ Фейк: 8 қыркүйектен бастап нотариустарға атқарушылық жазбалардың күшін жоюға тыйым салынып, оларды тек сот тәртібімен даулау қажет болады.

11 Қыркүйек, 2026
1
БӨЛІСУ
11
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

ҚР Әділет министрлігінің ресми түсіндірмесі:

Борышкердің атқарушылық жазбаға қарсылық білдіріп, нотариусқа жүгіну құқығы сақталады. Нотариус та заңда көзделген жағдайларда атқарушылық жазбаның күшін жоюға бұрынғыдай құқылы. Борышкер өндіріп алушының талабымен келіспеуінің нақты себептерін көрсете отырып, хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде нотариусқа қарсылық жолдай алады. Атқарушылық жазба негізінде атқарушылық іс жүргізу қозғалған жағдайда сотқа жүгіну қажет.

JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Заңнамадағы өзгерістер нотариустардың атқарушылық жазбалардың күшін жоюға толық тыйым салу ретінде түсіндірілген. Нәтижесінде жекелеген рәсімдердің нақтылау борышкерлерді өз құқықтарын қорғаудың бір тәсілінен айыру ретінде көрсетіледі. Мұндай түсіндірмелер азаматтарды жаңылыстырып, мәселені тікелей нотариус арқылы реттеуге болатын жағдайлардың өзінде оларды ақылы заңгерлік қызметке жүгінуге итермелеуі мүмкін.

➡️ Фейк: Ресей аумағынан тараған табиғи өртке байланысты Қарабалық ауданындағы Үрнек ауылының тұрғындары эвакуацияланып жатыр.

Қостанай облысы әкімдігі мен Қостанай облысы ТЖД-ның ресми түсіндірмелері:

Үрнек ауылы тұрғындарын эвакуациялау жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Облыс әкімдігі халықты эвакуациялау жүргізілмейтінін хабарлады.
Сонымен қатар табиғи өрттің Ресей Федерациясы аумағынан Қарабалық ауданының аумағына өткені расталды. Дала өсімдіктерінің жануы Қарадум орманшылығы аумағына ішінара тараған. Жағдай Қостанай облысы ТЖД бақылауында.

JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Бұл жағдайда төтенше жағдайға қатысты нақты ақпарат расталмаған эвакуация туралы мәліметпен толықтырылған. Өрттің болғаны туралы расталған ақпарат пен оған байланысты қабылданған шаралар жөніндегі жалған мәліметтердің араластырылуы хабарламаның шынайылығына деген сенімді арттырып, тұрғындар арасындағы алаңдаушылықты күшейтуі мүмкін. Мұндай жағдайларда оқиғаның өзін ғана емес, оның ауқымы мен салдарын, сондай-ақ мемлекеттік органдар қабылдаған шешімдер туралы ақпаратты да жеке-жеке тексеру маңызды.

➡️ Фейк: Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның Қазақстанға қатысты өткір мәлімдеме жасағаны туралы ақпарат.

JAQ.OrtCom ресми түсіндірмесі:

Таралып жатқан дәйексөз бұрмаланған. Тексеру барысында Никол Пашинянның Қазақстанға қатысты мұндай мәлімдеме жасамағаны анықталды. Манипуляцияға Армения Премьер-министрінің 3 қыркүйектегі брифинг барысында журналистің сұрағына берген жауабы негіз болған. Түпнұсқа сөзінде Арменияның мемлекеттік шешімдерді дербес қабылдауы туралы айтылған, бұл контексте Қазақстан мүлде аталмаған.

JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Бұл жағдайда нақты айтылған сөздің мазмұнын бұрмалау тәсілі қолданылған: түпнұсқа дәйексөз ішінара өзгертіліп, ойдан шығарылған сөз тіркестерімен толықтырылған. Соның нәтижесінде бастапқы дәйексөзге мүлде басқа мағына берілген. Шетелдік мемлекет қайраткеріне Қазақстанға қатысты өткір мәлімдемелерді телу қоғамда теріс пікір қалыптастыру және екі ел арасында шиеленіс туғызатын жасанды ақпараттық себеп жасауға пайдаланылуы мүмкін.

➡️ Фейк: Астана қаласында мектеп оқушысының қара түсті шалбар кигені үшін ата-анасына айыппұл салынады.

Астана қаласы Білім басқармасының ресми түсіндірмесі:

Ата-аналарға шалбардың қара түсі үшін айыппұл салынуы мүмкін деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Елордадағы жалпы білім беретін мектептерде қара және қою көк түсті мектеп формасын киюге рұқсат етіледі.

JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Жекелеген жанжалды жағдай мен нақты бір мектептің талаптарды дұрыс түсіндірмеуі барлық білім беру ұйымдарына ортақ ереже ретінде көрсетілуі мүмкін. Нәтижесінде ата-аналарда қара түсті мектеп формасына тыйым салынғаны және бұл талапты бұзғаны үшін автоматты түрде айыппұл салынатыны туралы қате түсінік қалыптасады. Алайда елорда мектептеріне ортақ мұндай талап жоқ.

➡️ Фейк: Қазақстандықтар неке тіркеу мерзімін міндетті түрде ұзартуы тиіс.
 
ҚР Әділет министрлігінің ресми түсіндірмесі:

Неке-отбасы заңнамасына сәйкес неке бір рет тіркеледі және оның белгіленген қолданылу мерзімі жоқ. Некені ұзарту талап етілмейді.

JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Алаяқтық схема міндетті мемлекеттік рәсім туралы ресми хабарламаға ұқсатып жасалған хабарламаны таратуға негізделген. «Некені ұзарту» туралы ақпарат азаматтар арасында алаңдаушылық туғызып, оларды хабарламаның мазмұнын тексерместен сілтемеге өтуге немесе дербес деректерін беруге итермелеуі мүмкін.
Сенімді арттыру мақсатында алаяқтар азаматтарға таныс цифрлық сервистерді және ресми хабарламаларға ұқсас тұжырымдарды пайдаланады.

Алдыңғы мақала

Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Өңірдің білім әлеуеті артуда

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
968
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
828
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
805
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
668
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
647
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
568

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.