Жексенбі, 14 Желтоқсан, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Өңір айнасы

Газ саласындағы реформалар тақырыбы талқыланды

7 Шілде, 2025
Газ саласындағы реформалар тақырыбы талқыланды
0
БӨЛІСУ
1
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Талдықорған қаласында ҚР Энергетика министрлігінің, «QazaqGaz» АҚ-ның, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің, әкімдік, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің, облыстық, аудандық, қалалық мәслихат депутаттарының және газ тарату мекемелері мамандарының қатысуымен алқалы жиын өтті. Онда тұрғындарға табиғи газды тұрақты жеткізудің жолын жетілдіру мәселелері талқыланды.

Айтылған мәліметтерге қарағанда, соңғы 10 жылдың ішінде еліміздің ішкі газ тұтыну деңгейі 80%-ға өскен. Осыған орай «QazaqGaz» АҚ-ның өкілдері тұрғындарға берілетін газдың бөлшек бағасы өзіндік құнынан мүлдем төмен екенін алға тартып, мұндай арзаншылық ұлттық оператордың жұмысын тежеп, саланы жаңғыртуға салынатын инвестицияға кедергі келтіріп отырғанын жеткізді.

Жиында сөз алған ҚР Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов:

– Біздің басты мақсатымыз – мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігін алдағы ондаған жылдарға қамтамасыз ету. Сондықтан қазіргі газдандыру саласындағы жағдай жүйелі реформаларсыз ешқандай ілгерілеудің жүрмейтінін және тұтынушы атаулыға көгілдір отынның толығымен жетуі қиындайтынын көрсетеді. Сол себепті, инфрақұрылымды түгелдей жаңартуға септігін тигізетін, геологиялық барлау жүргізуге инвестиция құюға мүмкіндік беретін, түптеп келгенде Қазақстан Республикасының барлық газ жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін экономикалық шарттарды ұсынатын кешенді шараларды жүзеге асырамыз, – деді.

Кездесуге қатысушылар жүргізілетін реформалар туралы сұрап біліп, өзекті мәселелердің түйінін тарқатты. Яғни, ең алдымен газ тасымалдау инфрақұрылымы, оның ішінде магистралды газ құбырлары мен компрессорлық стансылар толығымен жаңартылып, көгілдір отын өткізу мүмкіндігі ұлғаяды.

Осы реформалармен қатар, құны жоғары сапалы өнім (полиэтилен, пропилен) шығарытын жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы да жүргізіледі. Онда тұрақты жұмыс орындары ашылады. Одан бөлек, газ бармаған шалғайдағы елді мекендерге көгілдір отын жеткізуге және әбден тозығы жеткен газ тарату желілеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге баса назар аударылады.

ҚР Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша.

Алдыңғы мақала

Қайтарылған қаржы кәдеге жарауда

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жетісу облысында жасөспірімдер арасындағы суицид фактілері бойынша алдын алу шаралары қарқынды жүргізілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
931
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
793
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
771
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
726
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
651
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
614
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
546

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.