Бейсенбі, 22 Мамыр, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

ХҚКО-дағы жаңашылдықтар: халыққа ыңғайлы қызмет көрсету жолдары

26 Ақпан, 2025
ХҚКО-дағы жаңашылдықтар: халыққа ыңғайлы қызмет көрсету жолдары
2
БӨЛІСУ
27
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Бүгінде халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) азаматтарға мемлекеттік қызметтерді жылдам әрі сапалы ұсыну бағытында жүйелі түрде жаңашылдықтар енгізуде. Цифрландырудың дамуы, жаңа сервистер мен қызмет көрсету формалары – азаматтардың уақытын үнемдеуге және мемлекеттік қызметтерді барынша қолжетімді етуге мүмкіндік береді.

ХҚКО-дағы жаңа өзгерістер мен қызметтер де жыл сайын өзгеріп халыққа ыңғайлы жасалып келеді. Мәселен, ХҚКО-ға бару кезінде кезек күтуді азайту мақсатында алдын ала брондау қызметі енгізілді. Азаматтар eGov порталы немесе eGov mobile қосымшасы арқылы өздеріне ыңғайлы уақытқа жазыла алады. Бұл жүйе адамдар кезегін реттеп, қызмет көрсету сапасын жақсартуға ыңғайлы.

Елімізде мемлекеттік қызмет көрсету саласын жетілдіру мақсатында 2016 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»  коммерциялық  емес акционерлік қоғамы құрылды. Бұл құрылым  халыққа қызмет көрсету орталықтарын, әлеуметтік төлемдерді тағайындау, жер кадастры, жылжымайтын мүлік және көлік тіркеу сияқты мемлекеттік қызметтерді біріктіріп, азаматтарға «бір терезе» қағидаты бойынша кешенді қызмет көрсетеді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында тұрақты түрде реформалар жүргізіп келеді.

Жақында енгізілген жаңашылдықтардың бірі  –  ХҚКО-ларда  Paper  Free қағидаты бойынша жұмыс істеу. Бұл азаматтардың құжаттарын қағазсыз қабылдауға мүмкіндік беріп, қызмет көрсету уақытын қысқартады.

Сондай-ақ,  ХҚКО-ларда  Face ID арқылы биометриялық сәйкестендіру жүйесі енгізілуде. Бұл жүйе алаяқтық әрекеттердің алдын алуға және азаматтардың деректерін қауіпсіз сақтауға мүмкіндік береді.

ХҚКО ғимараттарында азаматтардың өз бетінше қызмет алуына арналған «өзіне-өзі қызмет көрсету» аймақтары құрылды. Онда арнайы кеңесшілер көмегімен eGov порталын пайдаланып, анықтамалар алып, өтініштер тапсыруға болады. Бұл қызмет азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттырып, көптеген процестерді жеңілдетеді.

Цифрлық технологияларды игеруде қиындықтарға тап болған азаматтарға көмек көрсету үшін арнайы цифрлық кеңесшілер жұмыс істеуде. Олар электрондық қызметтерді қалай пайдалану керектігін түсіндіріп, цифрлық сауаттылықты арттыруға көмектеседі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстан азаматтарына мемлекеттік қызметтерді ыңғайлы, жылдам  және ашық түрде ұсынуды басты мақсат етіп қойды. Цифрландыру, проактивті  қызметтер мен жаңа технологияларды енгізу арқылы корпорация мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруда. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар одан  әрі жетілдіріліп, азаматтардың уақытын үнемдеуге және қызмет көрсету сапасын жаңа деңгейге көтеруге ықпал ететіні анық.

Айдана ҚАСЕН,

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің

гуманитарлық факультетінің студенті.

Алдыңғы мақала

«Жаңа ғасыр» театры Жетісу облысына гастрольдік сапармен келді!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жетісу облысына Түркия елінен 3 қари келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
881
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
668
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
661
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
646
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
596
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.