Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 21шілдеде сағат 15:00-де Панфилов ауданы «Қоңырөлең ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жергілікті қоғамдастықтың жиналысы өтті. Күн тәртібінде: Қоңырөлең ауылдық округіне қарасты Кермағаш ауылындағы жаңа көшеге(Жастар) Аусадық Битебековтің есіміне беру туралы мәселе қаралып, жергілікті қоғамдастықтың келісімі бойынша бір ауыздан қолдау тауып, облыстық ономастика комиссиясының қарауына ұсыну туралы шешім қабылданды.









