Жетісу облысы, Панфилов ауданындағы Дәнеш Рақышев атындағы халық театрының мүшелері референдумға келіп, өз таңдауларын жасады.
«Біз референдумға келіп, өз таңдауымызды жасадық. Елдің дамуы үшін, дауыс беруге белсенді қатысу әрбіріміздің азаматтық борышымыз. Маңызды істе, жайбасарлық танытуға болмайды. Дұрыс таңдау әр қазақстандықтың міндеті. Лайым ел аман, жұрт тыныш болсын! Қазақстан өркендей берсін», – дейді театр әртістері.