Сейсенбі, 9 Маусым, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Саясат айнасы

Инвестициялар және инфрақұрылым: Премьер-министр Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

3 Ақпан, 2026
Инвестициялар және инфрақұрылым: Премьер-министр Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді
0
БӨЛІСУ
4
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Жиында инвестициялық жобалардың орындалу барысы, инфрақұрылымдық қамтамасыз ету бойынша жұмыс қарқыны, сондай-ақ құқықтық экожүйге қатысты мәселелер және сапалы адами капиталды қалыптастыру тәсілдері талқыланды. 

Отырысты ашқан Премьер-министр Президенттің Alatau City-ді дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.

«Мемлекет басшысы Алатау қаласын ұзақмерзімді экономикалық дамудың жаңа орталығы ретінде белгілеп, жұмыс барысын тікелей өзі қадағалап отыр. Сонымен қатар жаңа Конституция жобасында қала дамуының негізгі қағидаттары да қамтылды. Елімізде арнайы құқықтық режимдердің пайда болуы Қазақстанның ұзақмерзімді экономикалық мүдделеріне сай әрі инвестиция тартуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Алатау қаласын дамыту – бұл ерекше мәртебеге ие, жеделдетілген дамудың заманауи цифрлық қаласын құруға бағытталған инновациялық шешім», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бұл ретте елімізде арнайы құқықтық режимдердің пайда болуы елдің әкімшілік-аумақтық құрылымына әсер етпейтіні баса айтылды. Аумақтың тұрақтылық принципі сақталады әрі маңызды болып қала береді, бұл оның жаңа Конституция жобасының бірінші бөлімінде – «Конституциялық құрылым негіздерінде» бекітілуімен дәлелденеді.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алатау қаласын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Қазіргі уақытта Парламентте «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасы қаралуда.

Институционалдық база құрумен қатар инвесторлар үшін тартымды орта қалыптастыратын және қала экономикасының өсуіне жаңа серпін беретін жүйе құраушы жобаларды іске қосу бойынша практикалық жұмыс жүргізілуде. Басым бағыттар қатарында қаланың сәулеттік-іскерлік өзегі ретінде Iconic Complex көпфункционалды кешенін және жоғары білікті мамандар даярлайтын әрі озық технологияларды дамыту орталығы ретінде KAIST Kazakhstan технологиялық университетін салу жобалары бар.

Жалпы инвестициялық портфель өнеркәсіп, логистика, агроөңдеу, қызмет көрсету және креативті индустрия салаларындағы жалпы көлемі шамамен 1,8 трлн теңге болатын 44 жобадан тұрады. Оларды жүзеге асыру 30 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға және Alatau City тұрақты экономикалық орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамытуға баса назар аударылды. Бірқатар бағыт бойынша жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда:

  • энергиямен қамтамасыз ету — «Арна» қосалқы стансасының құрылысы 220/110 кВ, 6 қосалқы стансаны жобалау;
  • сумен жабдықтау және су бұру – «Ынтымақ» су тоғанының қуатын кеңейту, үш су тоғанының құрылысы, ағын суды тазарту стансасы және су таратушы коллекторлар салу;
  • газбен қамту – «Gate City-1» жаңа автоматтандырылған газ тарату стансасының (АГТС) құрылысын жобалау, Жетіген АГТС құрылысын аяқтау;
  • жол инфрақұрылымы – Growing және Gate District-ке жол өтпесін салу бойынша құжаттама әзірленуде және EPC-F келісімшарттары шеңберінде Golden District-те жол өтпесін және инженерлік желілері бар жол салу көзделген.

Alatau City Authority мемлекеттік қорының бас атқарушы директоры міндетін атқарушы Әлішер Әбдіқадыров Алатау қаласын дамыту бойынша тұжырымдамалық және қала құрылысы жоспарлары, даму стратегиясы сияқты іргелі құжаттардың әзірленгені туралы баяндады.

Тұжырымдамалық жоспарды енгізу қаланың стратегиялық және кеңістіктік дамуын айқындайды. Қала құрылысы жоспары мен даму стратегиясы аймақтарға бөлуді және құрылыс параметрлерін, сондай-ақ тұрғын үйдің өмір сүру ортасының сапасына қойылатын талаптарды, оның ішінде ғимараттардың биіктігі бойынша шектеулерді, көгалдандыру және абаттандыру нормаларын, аумақтың желдетілуін және жеке көліктер мен автотұрақтардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Даму стратегиясы салалық актілер мен инвестициялық жоспарды бекітуге, сондай-ақ Алатау қаласының жедел дамуын қамтамасыз ету үшін преференциялар беруге негіз болады.

Сапалы адами капиталды қалыптастыру тәсілдері жеке қарастырылды. Шэньчжэнь, Дубай және Сингапурдың табысты тәжірибесін ескере отырып, Алатауда адами капиталды қалыптастырудың кезеңдік моделі ұсынылады. Бұл модель сапа басымдығы бар еңбек ресурстарының басқарылатын және селективті ағыны принциптеріне негізделген. 

Негізгі бағдарлардың қатарында көші-қон саясатын экономиканың қажеттіліктерімен байланыстыру, жұмыспен қамтуды институционалдық реттеу және ел ішінде дағдылар мен құзыреттерді жүйелі жаңғырту есебінен еңбек нарығының жоғары білікті және басқарушылық сегменттеріндегі қазақстандық мамандардың барынша жоғары үлесін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау көрсетілген.

Отырыс қорытындысы бойынша кеңеске қатысушылар Алатау қаласын дамыту бойынша ұсынылған тәсілдер мен жұмыс бағыттарын қолдады. Қаланың экожүйесін толыққанды қалыптастыру үшін дербес актілерді әзірлеу басым міндет болып саналатыны атап өтілді. Осы жұмысты үйлестіру және сүйемелдеу мақсатында қажетті мәселелерді уақтылы қарап әрі жедел шешімдер қабылдау үшін Жедел комитет құрылды.

Барлық нормативтік актілерді әзірлеу олардың инвесторлар үшін айқындылығы мен ашықтығына бағдарлануы тиіс екендігі атап өтілді. Осыған байланысты Алатау актілерін әзірлеуге және сараптауға отандық сарапшылармен қатар халықаралық ұйымдардың өкілдерін тарту тапсырылды.

Премьер-министр табысты проактивті инвестициялық саясатты жүргізу үшін инженерлік инфрақұрылымды, әсіресе ірі зәкірлік жобаларды қарқынды дамыту талап етілетінін атап өтті. Алатау қаласының инженерлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша министрліктерге Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп бірқатар тапсырма берілді.

Сондай-ақ ұйымдастырушылық және қаржылық сипаттағы бірқатар шешім қабылданды.

Алдыңғы мақала

Жетісуда онкологиялық ауруларды ерте анықтау көрсеткіші 67 пайызға жетті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Проект Конституции не возвышает ветви власти, а устраняет правовые пробелы – Перуашев

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.9k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
950
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
807
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
803
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
786
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
664
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
641
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
553

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.