Бейсенбі, 22 Мамыр, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Өңір басшысы ел чемпионы «Жетісу» әйелдер волейбол командасын қабылдады

15 Наурыз, 2025
Өңір басшысы ел чемпионы «Жетісу» әйелдер волейбол командасын қабылдады
1
БӨЛІСУ
10
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Облыс әкімі Бейбіт Исабаев еліміздің 9 дүркін чемпионы, волейболдан әйелдер командалары арасында Қазақстанның XXXIII чемпионатында жеңімпаз болған «Жетісу» кәсіби волейбол клубының ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында клуб өкілдері марапатталды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

— Сіздер «Жетісуға» чемпиондық атақты қайтарып қана қоймай, бір маусымда үш мәрте жеңіске жетіп, Қазақстан чемпионаты мен Кубогын тоғызыншы рет, Суперкубокты төртінші рет жеңіп алдыңыздар. «Жетісу» волейбол клубының спорттағы кәсіби жолы, жеңіс тарихы мен берік дәстүрі – өскелең ұрпаққа лайықты үлгі. Сіздер біздің үмітімізді ақтадыңыздар, — деген Б. Исабаев бұдан кейін марапаттау рәсіміне көшті.

Атап айтқанда, «Жетісу» әйелдер волейбол командасының бас бапкері Марко Гршич жоғары мемлекеттік награда — ІІ дәрежелі «Достық» орденімен, клуб директоры Нияз Жантілеуов, команда капитаны Карина Денисова, ойыншылар Мадина Бекет, Перизат Нұрбергенова, Татьяна Никитина Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен және арнайы төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ бірқатар ойыншылар мен жаттықтырушыларға, команданың спорт дәрігері мен массажисіне облыс әкімінің Алғыс хаттары тапсырылды.

Өздеріне құрмет пен қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірген команданың бас бапкері Марко Гршич :

— «Жетісу» командасының чемпион атануы — біздің ортақ жеңісіміз. Көз алдымыздағы үш кубокқа қарағанда бойымызды мақтаныш сезімі билейді. Ең алдымен спортшыларымыздың маусым бойы қалай табанды дайындалғанын, командалық рухын биік ұстағанын атап өткім келеді. Болашақта да ары қарай табанды жұмыс істеуіміз керек, — деді ол.

Сол сияқты команда капитаны Карина Денисова:

— Талдықорғанда кәсіби волейболды одан әрі дамыту үшін тамаша жағдай жасап, көмек көрсетіп, қолдау білдіргендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Біздің бар жағдай жасалған өз заманауи жаттығу базамыздың болғаны бізге үлкен көмек болды. Біз сәтсіздікте де, жеңісте де бірге болдық, сол ұйымшылдығымыздың арқасында осындай жетістікке жеттік. Сөйтіп «Жетісу» клубының бұрынғы даңқын қайтарып ала алдық, — деді К.Денисова.

Атап өтсек, чемпионат қорытындысы бойынша К. Денисова үздік ойыншы, ал Дарья Шаргородская мен Мадина Бекет тиісінше үздік байланыстырушы және үздік либеро болып танылды.

Сонымен қатар кездесуде Бейбіт Исабаев өңірдің спорт саласы мен спортшыларына жан-жақты қолдау көрсетудің жалғасатынын жеткізді.

Айта кетейік, «Жетісу» клубы бұған дейін 2008, 2009, 2010, 2011, 2012, 2014, 2015 және 2020 жылдары сегіз рет ел чемпионы атанған болатын. Ал жуырда әйелдер командалары арасында волейболдан XXXIII Қазақстан чемпионатында тағы бір рет алтын медаль алып, клуб 2024-2025 жылдың маусымында еліміздің 9 дүркін чемпионы атанды.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фотосуреттерді түсірген: Жеңіс Ысқабай

Алдыңғы мақала

«Біз баршаға және әркімге зор мүмкіндік беретін мемлекет құрып жатырмыз»

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Талдықорған авиациясы өрт қаупі жоғары маусымға дайындалуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
881
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
668
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
661
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
646
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
596
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.