Жұма, 20 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Кәдесый, бейнекамера: Шетелдік байқаушылар референдумда не байқаған

6 Қазан, 2024
Кәдесый, бейнекамера: Шетелдік байқаушылар референдумда не байқаған
0
БӨЛІСУ
1
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Елордада Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингте Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) референдумға бағасын берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

АӨСШК бас хатшысының орынбасары Чжан Лин миссия референдумның өткізілу барысына бақылау жүргізіп, бірқатар референдум учаскесінде болғанын айтты. Сөзінше, миссия бақылау жүргізетін учаскені өз қалаулары бойынша таңдаған.

Референдум учаскелерін бақылау кезінде ешқандай кедергілер болған жоқ. Азаматтардың дауыс беруге белсенді қатысқанын және референдум комиссиясы қызметкерлерінің жоғары кәсібилігін атап өткіміз келеді. Біз дауыс беруге келушілердің саны көп екенін, әсіресе жастар қауымы көп екенін аңғардық. Көбі отбасымен, балаларымен бірге таңдау жасауға келген, — деп айтты халықаралық байқаушы.

Оның айтуынша, дауыс беруге барлық жағдай жасалғанына, әсіресе референдум учаскесінде туындаған сұрақтар бойынша түсіндірме жұмыстары жақсы ұйымдастырылғанына назар аударды.

Біз болған референдум учаскелерінде құжаттар, ақпараттық-түсіндіру тақталары, дауыс беру тәртібі жайлы ақпараттар болды. Дауыс беру ғимараттарында дауыс беру жәшігі, дауыс беру кабиналары орналасқан. Оларға дауыс беруге кіріп-шыққандарды бақылауға мүмкіндік жасалған. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен көз мүкістігі бар жандарға да жағдай қарастырылған, — деді Чжан Лин брифингте.

Ол сондай-ақ аға буынның дауыс беруіне барынша назар аударылғанын атап өтті.

Біз бір референдум учаскесінде дауыс беруге келген аға буынға естелікке кәдесыйлар бергенін көрдік. Дауыс беру ғимаратында ашықтықты қамтамасыз ету үшін бейнекамералар орнатылған. Жалпы дауыс беру жергілікті және халықаралық байқаушылар, сондай-ақ БАҚ-тың қатысуымен белгіленген тәртіпке сай еркін жүргізілді. Біздің бақылау жұмысымыз кезінде қандай да бір арыз-шағым, ескерту болған жоқ, — деп айтты АӨСШК миссиясы байқаушысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін ШЫҰ миссиясы референдумға байланысты мәлімдеме жасаған болатын. Сондай-ақ ТМД байқаушылар миссиясы да референдумға өз бағасын берді.

Алдыңғы мақала

Ауыл ақсақалдары арқан тартысты

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Референдум: ХҚКО азаматтарды уақытша мекенжайға тіркеп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.7k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
882
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
717
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
671
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
598
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.