Жексенбі, 2 Сәуір, 2023
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Кеш болмасын десек…

20 Сәуір, 2022
Кеш болмасын десек…
2
БӨЛІСУ
21
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

«Мамандардың миына (бар болса) қандай шатпақ кірерін болжау мүмкін емес» деп ашына жазады белгілі журналист Серік Әбікен. Мамандар деп тіл мамандарын айтып отырғаны белгілі. «Ережеге емес, еріккен филологтардың тиын табар ермегіне айналған тіл ғой, іздеушісі, сұраушысы жоқ…» деген сөздерін оқығанда «рас айтады» деппін өз-өзіме сөйлегендей дауысым шығып. Айтса-айтқандай, десе-дегендей. Осы тақырыпта көптен бері менің де көкейімде біраз дүниенің жүргені рас.

Неге екені белгісіз, «қош» деген бір ауыз сөзді біз орынды жерге де, орынсыз жерге де пайдаланып жүрміз. Мысалы: мектептердің есігінде біздің кезімізде «Хош келдіңіздер» деген жазу тұрушы еді. Бүгінде «Қош келдіңіздер» деп тұр. Бұл қалай деп айтайын десең, бүкіл ақпарат құралдарында осылай жазылуда. Менің түсінігімде «хош» деген сөз көтеріңкі көңіл-күйді білдіреді. «Көңіл хошы жақсы екен», «хош иісті гүлдер», «біздің ортамызға хош келдіңіз!» т.б. Ал, «қош» деген сөз «қоштасу», «қош бол аяулым», «қимай-қимай қош айтысты» т.б. мағынада қолданылады емес пе? Мен ақымақпын ба, мамандар ақымақ па? Тағы да осы «х» мен «қ» әріптеріне байланысты, «хас батыр», «хас жүйірік», «хас сұлу», «хас шебер» т.б. деген сөздер бүгінде көбіне-көп «қ» әрпімен жазылып жүр. Оу, бауырлар-ау, «қас» деген қазақтың сөзін «қас-қабақ» дегеннен басқа «қас дұшпан», «қаскөй адам», «қастық жасады», «қастандық» т.б. осындай мағынада қолданбаушы ма еді? Неге біздер «хас» сөзімен, «қас» сөзін шатастырып алдық. Онда «хат-хабар» дегенді «қат-қабар», «хат келді» дегенді «қат келді» деп жазамыз ба? Бұл не жасанды орашолақтық? Енді керісінше «Қасымбек» дегенді «Хасымбек», «Бақтияр» дегенді «Бахтияр» т. б. деп жазатын да, айтатын да  әдет таптық. Адамдардың тегі мен есімдеріндегі келеңсіздектер бір бұл ғана емес, толып жатыр. «10 миллион қазақ бірінің тілін бір ұғудан қалып барады» деп шырылдаған журналистерді тыңдайтын тіл мамандары бар ма? Бар болса неге үндемейді? Тіліміздің бүгінгі телім-телім ахуалына неге үн қоспаймыз? Тілді шұбарлап, мектеп табалдырығын аттаған балалардың санасын сансыратып, шатастырып отырған тіл мамандары, терминология комиссиялары халықпен неге санаспайды? Білім министрі қайда қарап отыр?  Бастауыш сынып оқушыларының оқулықтарын жасап отырған «ағайлар мен апайлар» сәбилерді аясаңыздаршы. Оқулықтағы берілген тапсырмаларды 7-8 жастағы бала түгілі, ата-аналар қиналып орындайтынын білесіздер ме? Олар ұялмай (кешегі мектеп бітіргендер ғой) мұғалімдерге телефон соғып, көмек сұрайтын халге жетті.

Оқулықтар мен баспасөз беттеріндегі біз тиіп-қашып мысал келтірген былықтарға тоқтау болмаса, ұрпағымызды жасанды түрде мәңгүртке айналдыратын түріміз бар.

Ол аз десеңіз бүгінгі жастар қысқартпа сөздерді қолдануды әдетке айналдырды. Бұрынғы «КПСС пен СССР»-дің  орнын енді «барамыз ғо – барамыз ғой дегені», «баратырық – бара жатырмыз дегені», «келатырық – келе жатырымыз дегені», осындай сүйкімсіз сөздермен сөйлесетін  болып алды. Әлі жас қой, әлі түзелер десек те, «ауру қалса да, әдет қалмайды» дегендей өмірге келетін ұрпақтарына да олар солай сөйлемесіне, солай тәрбие бермесіне кім кепіл? Онда, олардан үлгі алған келешектің тілі не болады? Ел болып, халық болып бүгін қолға алмасақ, ертең кеш болары  анық  ағайындар!

Исламғали ЖАРКЕНТИ

Алдыңғы мақала

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Панфилов» қашан «Орбұлаққа» орын береді?…

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
694
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
683
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
487
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
471
Қорғас қырғыны

Қорғас қырғыны

19 Сәуір, 2022
375
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
373
Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

26 Қараша, 2022
279
Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

22 Қазан, 2022
268
«Біз әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс-берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз»

«Біз әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс-берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз»

26 Наурыз, 2023
249

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.