Жұма, 23 Мамыр, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Саясат айнасы

Үкіметтік емес ұйымдар – Президент реформаларының бір бағыты

6 Сәуір, 2023
Үкіметтік емес ұйымдар – Президент реформаларының бір бағыты
2
БӨЛІСУ
21
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Елміздің Тұңғыш Пртезиденті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Азаматтық қоғам, оның ішінде Үкіметтік емес ұйымдар – демократияның ажырамас бөлігі» деген болатын. Мемлекетіміздің өсіп — өркендеуі, қоғамдық сананың жаңғыруы азаматтардың белсенділігі арқылы жүзеге асатаны анық. Бүгінгі таңда еліміздегі көптеген игі бастамаларды жүзеге асыруға үкіметтік емес ұйымдар белсене араласуда. Азаматтық қоғамда әлеуметтік мәселелерді шешуде «үшінші сектор» атанған үкіметтік емес ұйымдардың рөлі айтарлықтай зор. Сондай – ақ, Тұңғыш Презмдент «Үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар бүгінгі күннің өзінде Қазақстандағы құқық қорғау қызметінде де және қоғамды әлеуметтік тұрақтандыруда да үлкен рөл ойнайды. Әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға, жекелей алғанда, грант жүйесі арқылы, байыпты мемлекеттік қолдау қажет. Бұл орайда да ауқымды жұмыстарды бастайтын уақыт жетті», – деп атап өткен еді.

Биыл үкіметтік емес ұйымдарды қолдауда қандай өзгерістер бар?

«Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы» бекітілді. Президент Қасым – Жомарт Тоқаевтың да саяси реформалар бағдарламасының 10 — шы бағыты Азаматтық қоғам институттары мен БАҚ рөлін күшейту деп аталады.

Яғни, Қасым – Жомарт Тоқаев та ҮЕҰ – дарды қолдауға баса назар аударады.

Үкіметтік емес ұйымдар кішкентай балалардан бастап қарттарға дейін, азаматтардың барлық мәселесін шешуге үлес қосады. Қазақстанда қоғамдық бірлестіктер мен қорлар саны алғашқы құрылған 1994 жылы 500 ҮЕҰ болса, Қазіргі ҮЕҰ дерекқорының статистикасы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін, тіркелген ҮЕҰ саны 22 240 болып көбейді.

Үкіметтік емес ұйымдардың мұндай көрсеткіште өсуі олардың қызметтеріне деген сұраныстың нәтижесі екенін көрсетеді. Себебі ҮЕҰ кез келген мәселеге бастамашыл болып, өзекті мәселелерді шешуге атсалысады.

Жалпы үкіметтік емес ұйымдардың басым бөлігі жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдауға бағытталған. Бұдан бөлек білім беру,  ақпарат, спорт және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бағыттарында қызмет етеді. Жалпы республикамыз бойынша ҮЕҰ ең аз қызмет еткен бағыт ретінде демография мәселелерін шешу бағытын атап өтуге болады.

Ақсу ауданында мен білетін оннан астам қоғамдық бірлестік жұмыс жасайды, Мен білмейтіндерін қосқанда жиырмадан асуы мүмкін.

Жуырда аудан әкімдігінде Терроризмге қарсы кұрес комиссиясының отырысында аудандық ішкі саясат бөлімі, мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Қасымбеков Нұрбол Нұрбекұлы ҮЕҰ – дың жұмыстары туралы баяндама жасады. Сол кезде белсенділер қатарында мені де атап өтті.

Мемлекетімізде үкіметтік емес ұйымдардың маңызы зор. Себебі ҮЕҰ — да жұмыспен қамтылғандардың саны еңбекке қабілетті халықтың шамамен 30% — ын құрайды. Демек, ҮЕҰ арқылы жұмыссыздықты жою мүмкіндігі де жоғары.

Елімізде үкіметтік емес ұйымдардың дамуы үшін жыл сайын әлеуметтік тапсырыс шеңберінде түрлі жобалар жүзеге асады. Яғни, олар әлеуметтік мәселелерді шешуге, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандардың ахуалын, ардагерлер, балалар мен аналар институтын қолдау,  адамдар мен жануарлар құқығын қорғау, т.б. көмектеседі. Біз айтып отырған арнайы тапсырыс арқылы ҮЕҰ-дар  өздерінің құрылған бағытына сай нақты мәселелерді шешумен айналысады. Осылайша, ортақ әріптестік арқылы ҮЕҰ — дар мемлекеттік мәселелерді шеше отырып, түрлі қоғамдағы істерді жүзеге асыруға қатысады.

Мемлекетімізде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдармен қатар көптеген бағдарламалар жасалып, сыбайлас жемқорлықпен күресте халықаралық тәжірибе алмастырылып, шаралар өткізілуде.

Үкіметтік емес ұйымдар да бұл резонансты оқиғалардан тыс қалмай, Аталған дерт аясында ұлтаралық қатынасты нығайту, халықтар достығы мен қарым – қатынасты арттыруға бағытталған қоғамда тұрғындар арасында пайдалы із қалдырар үлкен іс – шаралардың басы – қасында болып, соларды ұйымдастыруға атсалысу – барлық деңгейдегі үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің азаматтық парызы. Мен, яғни «Өмір нұры» ақпараттық қоғамдық бірлестігінің төрағасы ретінде аудан аумағында «Жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» тақырыбында форумдар өткізіп, Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіндігін, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтінін, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретінін түсіндіріп,  насихаттап, сондай – ақ, Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу, жат дін – қараңғы ін екенін, адасқандарды түзу жолға салу еліміздегі әр азаматтың өміріндегі адамгершілік борышы түсіндіруге бағытталған шаралар бойынша тұрғындар арасында іс шаралар өткізіп,  Президент Жолдауының негізгі міндеттері мен саяси реформаларын түсіндіру жөнінде  жұмыстар жүргіздім.

Сонымен қатар, Конституциямызға өзгерістер енгізуге байланысты Референдумда, Президент сайлауы мен биылғы кезектен тыс парламент мәжілісі депутаттары мен мәслихат депутаттарын сайлауда тәуелсіз байқаушылардың үйлестірушісі болып, сайлаудың дұрыс, әділ өтуіне септігімізді тигіздік.

Ізгі қоғам құру шынайы құндылықтардың бағасы артып, сананың жаңғыруына ықпал етеді. Азаматтардың белсенділігі, бір-біріне қол ұшын созуы «қайырымды қоғамның» салтанат құруына сеп болады. Бәсекеге қабілетті, ғылым — білімге құштар, отаншыл жастардың өсуі мемлекет дамуының кепілі.

Ербол СЫМХАНОВ,

«Өмір нұры» ақпараттық қоғамдық бірлестігінің төрағасы,

аудандық «Ақсу өңірі» газетінің жауапты хатшысы.

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Алдыңғы мақала

«Әділетті Қазақстанды» бірге құрайық!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Обращение заместителя Генерального Прокурора Жандоса Умиралиева в порядке статьи 40 Конституционного закона Республики Казахстан «О прокуратуре»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
881
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
668
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
663
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
646
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
596
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.